Пятница, 17 сентября 2021 14:12

Ақмола дзюдошылар әлем чемпионатына дайындалуда

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Жерлестеріміз Толғанай Әбеуова мен Анастасия Маякова қазан айының басында дзюдодан Италияда өтетін  әлем чемпионатына дайындалуда. Бұрымды спортшыларды білікті бапкер Асылбек Шаханов жаттықтырып, шәкірттеріне сенім артуда.

Толғанай Әбеуова мен Анастасия Маякова 2020 жылы Степногорск қаласындағы Бөгенбай батыр атындағы спорттағы дарынды балаларға арналған интернат ордасын тәмамдап шықты. Осы қасиетті спорт шаңырығынан  қанаттары қатайып, үлкен спортқа жолдама алды. Әлем чемпионаты алдында өздері маңдай тер төккен залда жаттығу жасау қос құрбының жанын жадыратып, жігерін шыңдай түседі.

Италияда өтетін әлем чемпионатында осал спортшылардың болмайтыны анық. Ақмолалық қос дзюдошы арудың жеңіспен оралуын тілейік, ағайын!

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 589 раз Последнее изменение Суббота, 18 сентября 2021 18:22
© 2013-2021 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия"

Наш партнер - Platon.asia - новости и аналитика в Казахстане

Яндекс.Метрика