Четверг, 23 сентября 2021 12:16

Ақмола облысына қарасты бір ауданда көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы аяқталуда

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Аудан тарихы  өлкетанушылар мен тарихшыларды әрдайым қызықтырады. 

Соның бірі- Ақмола облысының Егіндікөл ауданы. 1971 жылы Краснознаменский атауымен құрылып, орталығы Краснознаменское ауылы деп белгіленген.  Бірақ та, 1997 жылы ауыл да, аудан да Егіндікөл деп өзгертілді.

Тәуелсіздік жылдарында ауданда элеватор мен нан зауыты іске қосылды. Негізгі бағыты-астық шаруашылығы. Мұнда жемшөп шөптері, картоп және көкөністер өсіріледі. Мал шаруашылығының негізгі саласына- қой, шошқа, жылқы шаруашылығы кіреді.

Жұмыспен қамтудың жол картасы бойынша кезекте тұрғандар тізіміндегі тұрғындарға 16 пәтерлі  көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы аяқталуда. Бұл тұрғын үй халықтың әлеуметтік осал топтары мен жетім балалар , сондай-ақ мемлекеттік қызметкерлер үшін салынуда . Көше-жол желісін және жергілікті маңызы бар жолдарды жақсарту үшін ағымдағы және орташа жөндеулер жүргізілуде. "Ауыл - ел бесігі" арнайы жобасы бойынша және облыстық бюджет есебінен Новочеркасское – Егіндікөл облыстық маңызы бар автомобиль жолына орташа жөндеу жүргізілді.

Егіндікөл ауданында Тәуелсіздік жылдары Егіндікөл №2 орта мектебінің ғимаратында  психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті ұйымдастырылған. Ал білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің жанында балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі құрылды. Егіндікөл ауданының білім беру ұйымдарында әскери-спорттық патриоттық клубтар жұмыс істейді.

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 173 раз Последнее изменение Среда, 29 сентября 2021 12:49
© 2013-2021 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия"

Наш партнер - Platon.asia - новости и аналитика в Казахстане

Яндекс.Метрика