Четверг, 23 сентября 2021 12:11

Ақмола облысында да 105 ұлт өкілі тұрады

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Президент кезекті Жолдауында «Қоғамдағы бірлік пен келісімді көздің қарашығындай сақтауымыз керек» екендігін тағы бір мәрте еске салды.

Шыныменен, тұрақтылықтың тұтқасына, бірлігіміздің бастауына, ұлттар арасындағы достықтың «алтын көпіріне» айналған Қазақстан халқы Ассамблеясының еліміз үшін маңызы зор. Заманның аласапыран кезінде ұлан-байтақ жерімізге түрлі ұлт өкілдері келіп қоныстанды. Бүгінде олар халқымызбен арманы ортақ біртұтас елге айналып отыр.

Жолдауда Қазақстан халықаралық қауымдастықтың белді мүшесі ретінде жылдар өткен сайын абыройының асқақтай түскендігі де ерекше атап өтілді. Басым бағыттар белгіленіп, мақсаттар айқындалды. Енді тәуелсіз мемлекеттегі халықтар бірлігін одан әрі нығайтып, еселі еңбек етуі аса маңызды екендігін қадай айтуы ақмолалықтарды ерекше толқытты.

Елбасының: «Еліміздегі барлық ұлттар ұлттық мәдениетін сақтап қалуы керек» деген пікірінен соң республика бойынша отызға жуық «Достық үйі» ашылды. Онда барлық ұлттың ата дәстүрін дәріптеуге барлық жағдай жасалған. Атап айтар болсақ, Ақмола облысында да 105 ұлт өкілі тұрады. Олар 45 этномәдени бірлестік құрып, бүгінде жемісті жұмыс істеуде.

Маңызды құжат бүкіл Қазақстан халқының әл-ауқатын, тұрмыс жағдайын жақсартуға бағытталумен аса құнды. Мұны, бүкіл ел-жұрт болып, берекелі бірлікпен іске асыру әрбір қазақстандықтың парызы. 

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 409 раз Последнее изменение Среда, 29 сентября 2021 12:45
© 2013-2021 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия"

Наш партнер - Platon.asia - новости и аналитика в Казахстане

Яндекс.Метрика