Среда, 22 сентября 2021 12:16

Өңірде «Жер-2021» атты Халықаралық командалық-штабтық оқу-жаттығулары аяқталды

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Өңірде «Жер-2021» атты Халықаралық  командалық-штабтық оқу-жаттығулары аяқталды. Аталған шара алғаш рет далалық жағдайда ұйымдастырылды.

Алматы облысында орын алған жойқын жер сілкінісі кезінде қабылданған шаралардың тиімділігін арттыру оқу-жаттығудың көздегені. Бұл ретте, азаматтық қорғаныс қызметінің жедел әрекет етуге дайын болғаны жөн.

Ақмола облысының барлық қаласы мен ауданында 139 жедел штаб жоғары дайындық режиміне келтірілген. Оқу-жаттығуларына азаматтық қорғаныс басқармасы, аудандық, қалалық және облыстық жедел әрекет ету жасақтары, апаттық құтқару қызметтерінің құрамалары, әскери бөлім және халық өмірін қамтамасыз ететін барлық нысандардың өкілдері қатысты. 

Оқу жаттығу кезінде қираған жағдайда апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізу, зардап шеккендерді кинологиялық есептеулер арқылы іздеу, қоқыстарды талдау мәселелері пысықталды. Шара қорытындысы бойынша төтенше жағдайлар министрі  атқарылған жұмыстарға оң баға берді.

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 198 раз
© 2013-2021 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия"

Наш партнер - Platon.asia - новости и аналитика в Казахстане

Яндекс.Метрика