Пятница, 17 сентября 2021 10:02

Көкшетауда Халықаралық ғалымдардың симпозиумы өтті

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстан кенге бай. Алайда отандық кәсіпорындар пайдалы қазбаны толық игеруге  қауқарсыз. Шикізат тапшылығынан кей тауарларды шетелден қымбат бағаға тасымалдауға тура келеді. Көкшетауда геология саласындағы мәселені талқылауға арналған Халықаралық ғалымдардың симпозиумы өтті.

Шикізатқа тапшылық. Тауар бағасының тұрақсыздығы. Елде геология саласына жаңаша көзқарас қажет екенін Президент Жолдауында анық айтты. Мемлекет басшысының назарын аударған тағы бір мәселе – білікті геологтардың жетіспеушілігі. Халықаралық симпозиумда аталған салаға бөлінетін қаржының аздығы да айтылды.

Пайдалы қазбалардың негізгі түрлері алтын, мыс, қорғасын және мырыш болып саналады. Алтын кен орындарының 21 проценті Ақмола облысында екенін ескерсек, аймақта тау-кен мамандарын дайындау маңызды. Жиында халықаралық дәрежедегі ғалымдар өз тәжірибелерімен бөлісіп, қордаланған мәселелерді шешудің жолдарын талқылады.

Мемлекет басшысы Жолдауда геологиялық жұмыстарды жетілдіруге  қазынадан тиісті қаражат бөлуді тапсырды. Сәйкесінше, геологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы жаңа өндірістер ашылып, қазынаға түсетін қаражат та көбейеді.

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 178 раз Последнее изменение Суббота, 18 сентября 2021 18:04
© 2013-2021 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия"

Наш партнер - Platon.asia - новости и аналитика в Казахстане

Яндекс.Метрика