Четверг, 16 сентября 2021 14:35

Көкшетауда «Ел» кітабының тұсаукесері өтті

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Елімізге танымал ұстаз, әдебиеттанушы, ғалым Нұртас Ахат 60 жасқа толды. Мерейтой иесінің құрметіне орай «Ұлтжанды ғалым, ұлағатты ұстаз» атты кездесу кеші өтті.  Оның барысында Нұртас Ахатұлының жаңа кітабының тұсаукесері болып, туған күн иесінің кеудесіне медаль тағылды.

Нұртас Ахатұлының есімі өңірге ғана емес, республикаға кеңінен танымал. Ұлағатты ұстаз, әдебиеттанушы, ғалым, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының академигі. Еңбек жолын ауыл мектебінен бастаған ол бүгінде

Жанайдар Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің директоры лауазымын атқаруда. Мерейтой иесін құттықтауға арнайы келген қонақтар Нұртас Ахатұлына деген жылы лебіздерін жеткізді.

Нұртас Ахатұлының жоғары оқу орны атынан алған атағы бүгін тағы да бір медальмен толықты. Мерейтой иесін құттықтап, жылы лебізін білдірген ректор ұстазға шапан жауып, Ш.Уәлиханов университетінің ең жоғары деңгейлі «Айырықша еңбегі үшін» медалін табыстады. Бар ғұмырын ізденіске, білім мен ғылымға арнаған ұстаз өскелең ұрпақтың бәсекеге қабілетті, заман ағымына сай болғанын қалайды. Өзі де бұл жетістіктерімен тоқтамақ емес. Мақсатым айқын, оны орындау үшін еңбектену қажет дейді.

Нұртас Ахатұлы «Алаштың Алмас ақыны», «Қазақтың ары», «Орынбай ақынның әдеби мұрасы» сынды бірнеше кітап жазған. Бүгін авторлық шығармалар легі толығып, сыясы кеппеген  «Ел» кітабының тұсаукесері өтті. Аталмыш туындымен танысып үлгергендер онда қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелердің бүкпесіз, боямасыз суреттелгенін айтуда.

Нұртас Ахатұлы «ҚР білім беру ісінің үздігі», «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Құрмет» орденінің иегері. Ең бастысы мерейтой иесі өзінің шыншылдығы мен тік мінезінің арқасында оқырман жүрегінен орын алған. Жиын қатысушылары бір ауыздан осылай деп пікір білдіріп жатты. Бұл да болса, әдебиеттанушыға берілген жоғары баға.

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 147 раз Последнее изменение Суббота, 18 сентября 2021 14:37
© 2013-2021 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия"

Наш партнер - Platon.asia - новости и аналитика в Казахстане

Яндекс.Метрика