Среда, 15 сентября 2021 15:34

М.Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясының базасында халықаралық конференция өтті

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

М.Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясының базасында халықаралық конференция өтті.

Ауқымы кеңейген дәстүрлі жиынға биыл Өзбекстан, Тәжікстан, Қытай мен Европа елдерінен сала мамандары қатысты. Басты тақырып – жанғыштығы төмен полимерлі материалдарды пайдалану.  Айта кету керек, мұндай маштабты конференция Көкшетауда алғаш рет ұйымдастырылды.

«Жанғыштығы төмен полимерлік материалдар» конференциясы полимерия технологиясын жасау саласындағы ең танымал және беделді іс-шаралардың бірі. Жиын төтенше жағдайлар мен өрт қаупінің  алдын алу мақсатында әр екі жыл сайын өткізіледі. Алғаш рет конференция 1990 жылы Алматы қаласынан бастау алған.  Ал биыл шара Көкшетауда ұйымдастырылды.

Іс-шараның халықаралық мәртебе алғанына да бірнеше жылдың жүзі болды. Қатысушылар арасында Қазақстан, Ресей және Беларусь елдері бар. Биыл тағы бірнеше мемлекет қосылды. Бұл конференция тақырыбының әлем елдері үшін қаншалықты маңызды әрі өткір екенін дәлелдесе керек. Пандемияға байланысты кеңес онлайн форматта өтті.

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 138 раз Последнее изменение Суббота, 18 сентября 2021 12:37
© 2013-2021 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия"

Наш партнер - Platon.asia - новости и аналитика в Казахстане

Яндекс.Метрика