Суббота, 18 сентября 2021 10:34

Көкшетауда мәдениет үйлерін жөндеу туралы отырыс өтті

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(1 Голосовать)

Пандемияға қарамастан көптеген сала мамандары жұмыс істеулерін тоқтатқан жоқ. Мәселен, мәдени ошақтар жоспарға сай іс-шаралар ұйымдастырып көрермендерін қуантуда.

Өңірдегі көптеген мәдениет үйлерінің өзгерісті, жөндеуді қажет ететіні жасырын емес. Және облыста бұл бағыт бойынша көптеген жұмыс жүргізіліп жатыр. Осы күнге дейін атқарылған шаралар «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының жанындағы «Miras» қоғамдық кеңесінің отырысында талқыланды.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Әлем үнемі өзгеріп отырады, жаңа жетістіктер мен технологиялық үрдістер пайда болады, бірақ мәдениет пен ұлттық дәстүрлер өзгермейді» деген болатын. Шынымен де, пандемияға қарамастан, мәдени ошақтар жұмыстарын тоқтатқан жоқ. Ақмола облысында алғаш рет жылсайынғы дәстүрлі «Рухани қазына-2021» республикалық фестивалі өтті.

Өңірде мәдени нысандарды жаңғыртуға көп көңіл бөлінуде. Олардың материалдық-техникалық базасы заманауи талаптарға сай. Барлық аудандық мәдениет үйлеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген, жоспарға сай кішігірім жөндеулер де жасалып тұрады. Одан бөлек, меценаттар бөлген 238 млн теңгенің көмегімен 25 клуб қалпына келтірілген.

Бүгінгі таңда Ақмола облысында 267 клуб бар. Оның 252-сі мемлекеттік, қалғаны меншіктің басқа түріне тиесілі. Ал, ауылды жерлердегі 247 мәдени нысанның 232-сін мемлекет есебінен қаржыландырылады.

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 192 раз Последнее изменение Суббота, 18 сентября 2021 10:37
© 2013-2021 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия"

Наш партнер - Platon.asia - новости и аналитика в Казахстане

Яндекс.Метрика