Вторник, 14 сентября 2021 14:14

Қорғалжын ауданында ұлттық спорттың бірнеше түрінен жарыс өтті

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Қорғалжында ұлттық спорттың 4 түрінен аудандық жарыс өтті. Тәуелсіздіктің 30, Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығына орайластырылған «Qazaq ulttiq oyindari»  жарысының басты мақсаты - жастар арасында ұлттық спортты насихаттау.

Жергілікті тұрғындар «Асық ату», «Тоғызқұмалақ», «Арқан тартыс», «Қазақша күрес» бойынша сынға түсті. Ауданның бірнеше ауылынан 5 команда сайысқа қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша қазақ күресінен 25 келі салмақта Қайсар  Зейнұлқабиден, 29 келіде  Жалғас Айдарбеков, 32 келіде Альтаир Рамазан бірінші орын иеленді.

35 келіде бас жүлдені Мейрамбек Егінбаев еншілесе, 42 келіде Мақсат Ақан үздік атанды. 46-75 келіге дейінгі жоғары салмақта Шахнұр Оралбеков, Дамир Талғатбеков, Саят Смағұл, Мейрамбек Назымбековтер фаворит атанды.

Ал қыздар арасында тоғызқұмалақтан Сайран Бейсенбаева, ерлер арасында Мейіржан Сәметов топ жарды. Арқан тартысқан  5 команданың ішінде Қызылсай ауылы тұрғындарының күші басым болып шықты.

Асық атуда ұтқырлық пен ептілік танытқан Айя Смағұлова мен Әділхан Сағындықов бірінші орын иеленді.

Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 137 раз Последнее изменение Суббота, 18 сентября 2021 10:17
© 2013-2021 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия"

Наш партнер - Platon.asia - новости и аналитика в Казахстане

Яндекс.Метрика