Четверг, 16 сентября 2021 10:58

Ақмола облысында Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өңірде белгілі қазақ палуаны Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығына арналған «Қазақты әлемге танытқан Қажымұқан» халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференциясы өтті, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.

Іс-шара ZOOM платформасы арқылы онлайн форматта өтті.

Конференцияда Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Нариман Әбдірахманов құттықтау сөз сөйледі.

"Ел Тәуелсіздігінің мерейтойлық жылында біз ұлы жерлесіміз, аты аңызға айналған қазақ балуаны Қажымұқанның 175 жылдығын атап өтудеміз. Балуан өзін ғана емес, өз халқын да халықаралық аренада дәріптеді. Ол әлемнің 54 елінде өткен жарыстарға қатысып, 48 медаль жеңіп алды. Атақты балуанның бұл жетістіктері еліміздегі спорттың дамуына, салауатты өмір салтын насихаттауға және жастарды спортпен шұғылдануға тартуға әсер еткені сөзсіз", - деп атап өтті спикер.

Қажымұқан Мұңайтпасовтың өмірі мен қызметінің ұлттық спорт пен мәдениетті дамытуға әсері, оның қазақ күрес мектебінің қалыптасуына қосқан үлесі туралы Түркия, Қытай, Моңғолия, Қазақстаннан ғалымдар, қоғам қайраткерлер, спортшылар, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының, "Отандастар қоры" КЕАҚ өкілдері баяндама жасады.

Облыста атақты балуанның мерейтойына орай бірқатар іс-шаралар өткізілді. Сәуір айында Целиноград ауданы Қажымұқан ауылында «Жаһандық күш иесі  - Қажымұқан» атты онлайн - конференция өтті.  Іс-шара аясында «Әлемді білегінде ойнатқан палуан» көрмесі ұйымдастырылды, онда Түркістан облысындағы аттас спорт мұражайынан жеткізілген балуанның жеке заттары ұсынылды, сондай-ақ Ақмола облысы балуандарының қатысуымен спорттық қойылым өтті.

Айта кетейік, облыста даңқты жерлесіміздің есімі 12 көшеге, елді мекенге, сондай-ақ 700-ден астам бала білім алатын №3 олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебіне берілді. Целиноград ауданы мен Степногорск қаласында балуан ескерткіштері, аттас ауылда мемориалдық тақта орнатылды.

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 258 раз
© 2013-2021 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия"

Наш партнер - Platon.asia - новости и аналитика в Казахстане

Яндекс.Метрика