Понедельник, 13 сентября 2021 11:31

«Қарлығаш» балабақшасы материалдық – техникалық базасын нығайтып жатыр

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Еліміз егемендік алғалы мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің саны артты. 1977 жылы ашылған «Қарлығаш» балабақшасы да материалдық – техникалық базасын нығайтып, бүгінде бүлдіршіндерге саналы тәрбие беру жолында жемісті жұмыс істеп келеді.

«Қарлығаш» балабақшасы 274 орынға шақталып салынған. Мұнда екі тілді 12 топ бар. Сондай-ақ, екі логопедтік топ та қарастырылған. Тәрбиешілер де нағыз өз ісінің мамандарынан жасақталған. Атап айтар болсақ, 34 негізгі педагог еңбек етеді.

Мұнда бүлдіршіндерге арналған түрлі үйірмелер мен қосымшалар бар. Робототехника, сурет, хор, ағылшын қосымшаларында балалар шығармашылық жағынан жан – жақты дамып, білімдерін жетілдіреді. Нәтижесінде, түрлі сайыстарға қатысып, жүлделі орындардан көрініп жүр.

Мектепке дейінгі білім беру мекемесі 2018 жылан бастап мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жұмыс істейді. Артықшылығы көп. Жөндеу жұмыстары жүргізіліп, заманауи әдістемелік құрылғылармен жабдықталған. Сондай-ақ, аулаға абаттандыру жұмыстары жүргізілген.

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 118 раз Последнее изменение Среда, 15 сентября 2021 23:34
© 2013-2021 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия"

Наш партнер - Platon.asia - новости и аналитика в Казахстане

Яндекс.Метрика