Понедельник, 13 сентября 2021 11:00

Ақмола облысында аймақтық өлкетанушылар форумы өтті

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Ақмола облысында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған "Туған өлкем – тұғырым" атты өлкетанушылардың өңірлік форумы өтті, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.

Іс-шара ғылыми қоғамдастықты, шығармашылық мамандық өкілдерін, ғалымдарды өлкетану саласындағы ағарту, өлкетанудағы іздеу, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жандандыру, өлкетану жұмысында тәжірибе алмасу және ғылыми зерттеулер әдістемесін жетілдіру мақсатында өткізілді.

Форумға қатысушыларды құттықтай отырып, Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова аталған іс-шараны өткізудің өзектілігін атап өтті.

"Форум мемлекетіміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдығында өткізіліп отыр. Тұрғындардың, бірінші кезекте жастардың өз отанының тарихына деген қызығушылығын жандандыру өскелең ұрпақты патриоттық тәрбиелеудегі маңызды бағыт болып табылады. Бүгінде тарихи-өлкетану экспедицияларының, мұражай алаңдарының мүмкіндіктерін белсенді пайдалану, үздік жобаларды гранттармен ынталандыру, зерттеу нәтижелерін цифрландырумен айналысу қажет. Форум облыстың мәдени өміріндегі маңызды оқиға, сондай - ақ тиімді кәсіби диалог пен тәжірибе алмасу үшін жақсы алаң болатынына сенімдімін", - деп атап өтті өңір басшысының орынбасары.

Іс-шарада өлкетанудың қалыптасуы мен даму бағыттары туралы қоғам қайраткері, Қазақстан тарих академиясының академигі, "Абылай ханның қара жолы" экспедициясының жетекшісі Мұрат Ыдырысов, өлкетанушы, мұрағат қызметінің ардагері Гүлбаршын Салық, өлкетанушы Павел Косович, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің докторанты Талапкер Уәлиев және т.б. баяндама жасады.

Форум аясында мәдениет мекемелерінің қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті. Көп жылғы еңбегі мен осы саланы дамытуға қосқан үлесі үшін «Мәдениет саласының үздігі» кеуде белгісімен Атбасар тарихи-өлкетану музейінің меңгерушісі Анар Ілиясова, Степногорск тарихи-өлкетану музейінің меңгерушісі Майра Нұржанова марапатталды. Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің негізін қалаушы Хохлов атындағы медальмен өлкетанушы Гүлбаршын Салық және музей қорының сақтаушысы Гуляим Агубаева марапатталды.

Іс-шара соңында қатысушылар үшін облыстық тарихи-өлкетану мұражайының залдары бойынша экскурсия өткізілді.

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 125 раз
© 2013-2021 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия"

Наш партнер - Platon.asia - новости и аналитика в Казахстане

Яндекс.Метрика