Пятница, 10 сентября 2021 14:01

Ақмола өңірінде жұмыссыздық деңгейі төмендеп келеді.

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Биыл Ақмола облысы бойынша  көпбалалы 179 отбасы қоныс тойын тойлайды. Оған республикалық қазынадан 1 млрд. теңге қарастырылыпты.

Бұдан бөлек, жыл басынан бері «Шаңырақ», «Бақытты отбасы» және «Нұрлы жер» бағдарламалары аясында әлеуметтік аз қамтылған 185 жанұя баспаналы болды. Ал, жалпы соңғы 3 жылда 14 мың ақмолалық жаңа пәтерге қол жеткізген. Бұл туралы облыстық мәслихаттың 8-ші сессиясында  аймақ басшысы Ермек Маржықпаев мәлімдеді. Сондай-ақ, әкім 7 айды қортындылап, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерімен де таныстырды.

Өңірде жұмыссыздық деңгейі төмендеп келеді. Мәселен, осы 7 айдың өзінде 13 мың адам жұмысқа орналасыпты. Соның 8 мыңы тұрақты қызметке кіріскен. Бұл жалпы көрсеткіштің 81 проценті. Жұмыссыздық деңгейінің төмендеуіне өңірде жүзеге асып жатқан көптеген жоба сеп болған. Бір ғана көлік инфрақұрылымы аясында 232 жоба жүзеге асқан. Ал, жобаларды жүзеге асыру мақсатында 83 млрд. теңге бөлінген.

Сонымен қатар, Ермек Боранбайұлы өңір экономикасының негізгі драйвері агро секторға да жеке тоқталды. Жыл соңына дейін 112 ет және 19 сүт фермасы іске қосылмақ. Ал, мемлекет басшысының тапсырмасына орай  алдағы 5 жыл ішінде құны 255 млрд.теңгені құрайтын 48 ірі инновациялық жоба жүзеге аспақ. Сондай-ақ, күзгі дала жұмыстары да назардан тыс қалмады. Құрғақшылыққа байланысты биыл танап басына  орақ ерте түсті. Өнімнің саны аз болғанымен, сапасы жақсы,-дейді облыс әкімі.

Облыс бойынша да өнеркәсіп өндірісінің қарқыны төмендемеген. Өңір басшысының сөзі осыған саяды. Осы жылдың өзінде 383 млрд.теңге болатын 86 ірі инновациялық жоба жүзе асырылған. Бұдан басқа, негізгі капиталға құйылған жеке инвестиция көлемі 217 млрд. теңге. Қомақты қаржының басым бөлігі индустриялық сектордың еншісінде екенін атап өткен жөн.

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 146 раз Последнее изменение Суббота, 11 сентября 2021 14:05
© 2013-2021 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия"

Наш партнер - Platon.asia - новости и аналитика в Казахстане

Яндекс.Метрика