Пятница, 10 сентября 2021 12:44

2025 жылға дейін азаматтық қызметкерлердің жалақысы көтеріледі

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Президент кезекті Жолдауында 2022-2025 жылдары бюджеттен қаржыландырылатын сала қызметкерлерінің жалақысы жыл сайын өсетіндігін мәлімдеді.

Осы орайда жылдың басты құжатын асыға күткен Степногорск қаласының кітапханашылары жұмыстарының еленіп, әлеуметтік жағынан қолдау тапқандығына ризашылықтарын білдіруде.

Нақтырақ айтсақ, Жолдауға сәйкес, мәдениет қызметкерлері, қорықшылар, кітапханашылар, көлік жүргізушілердің еңбекақысы 20 пайызға артпақ. Бұл бастаманың игілігін 600 мың отандасымыз көреді.

Жолдау бүгінгі қоғамның өзекті мәселелерін шешу жолдарын нақтылап берді. Азаматтық қоғамды жандандырып, әрбір қазақстандықтың ертеңіне деген сенімін нығайтты. Ендігі кезек - алға қойған міндеттердің жүйелі жүзеге асырылуында. 

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 262 раз Последнее изменение Суббота, 11 сентября 2021 13:31
© 2013-2021 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия"

Наш партнер - Platon.asia - новости и аналитика в Казахстане

Яндекс.Метрика