Пятница, 10 сентября 2021 10:23

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында - мемлекеттік секторды толықтай қайта жүктеу керек

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

2025 жылға қарай мемлекеттік қызметтердің барлығы халыққа смартфондар арқылы қолжетімді болады. 

Цифрлық саладағы қызметтер мен тауарлардың экспорты алдағы 4 жылда кем дегенде 500 миллион долларға жетуі керек. Ол үшін мемлекеттік секторды толықтай қайта жүктеу талабы тұр. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында осындай міндет қойды.

Азаматтарға ыңғайлы болу үшін мемлекеттік қызметтерді цифрландыру мәселесі салық органдарының бақылауында. Бүгінгі таңда жеңілдетілген декларация негізінде арнайы салық режимінде жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер үшін көптеген мәселелерді оңай шешетін жүйелер бар. Үш компонентті интеграцияланған жүйе деректерді тіркеуге және беруге, қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жүйе сауданы басқару процестерін автоматтандырады, қызмет көрсетуге, жұмыстарды орындауға және тауарларды есепке алуға көмектеседі.

Қазіргі уақытта үш деңгейлі интеграциялық жүйенің бірыңғай тізіліміне 3 модель енгізілді. Жүйеде салықтық есепке алу модулі бар. Онда тауарлардың қозғалысы, салық есептілігін қалыптастыруға мүмкіндік беретін элементтер, сондай-ақ жалдамалы қызметкерлердің жалақысы  көрсетіледі.

Облыстық мемлекеттік кірістер департаменті тарапынан үш деңгейлі интеграцияланған жүйені енгізу жұмыстары басталып кетті.

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 178 раз Последнее изменение Суббота, 11 сентября 2021 13:27
© 2013-2021 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия"

Наш партнер - Platon.asia - новости и аналитика в Казахстане

Яндекс.Метрика