Среда, 08 сентября 2021 13:44

«Ана тілім-ардағым» атты интеллектуалды ойын

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен Қазақстан халқы  тілдерінің  онкүндігіне орай Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті интеллектуалды ойын ұйымдастырды. «Ана тілім-ардағым» атты ұранмен өткен сайыста 4 факультеттің  студенттері өзара бақ сынасты.

Төрт топтың қатысушылары ауызбіршілікпен ынтымақтаса берілген логикалық тапсырмаларды орындады.Талап бойынша әр құрамда 3 адамнан болуы шарт. Басты мақсат- шешендік өнерді студенттердің бойына сіңіре отыра, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру. 

Университет студенттері қалалық, облыстық және республикалық деңгейдегі түрлі жарыстарға белсене қатысады. Айта кетейік, пандемияға байланысты мұндай шаралар біршама тоқтап қалды. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай түрлі танымдық шаралар өткізу жоспарда бар,-дейді ұйымдастырушылар. Барлық жиын қатаң санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізілді.

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 144 раз Последнее изменение Четверг, 09 сентября 2021 18:48
© 2013-2021 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия"

Наш партнер - Platon.asia - новости и аналитика в Казахстане

Яндекс.Метрика