Вторник, 07 сентября 2021 14:21

Көкшетаудағы жарты ғасырдан астам тарихы бар «Ер Төстік» балабақшасы

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Көкшетаудағы жарты ғасырдан астам тарихы бар «Ер Төсік» балабақшасы Тәуелсіздік жылдары білім мен тәрбие беруде тың серпін алды.

Бүгінде 120 орынға шақталып салынған мектепке дейінгі білім беру мекемесі экологиялық тәрбие беру бағытында жұмыс істейді. Мұндағы мақсат – табиғатты аялап, оны қамқорлыққа алып, күту. Біліммен қатар, тәрбиеленушілердің санасына тірі және өлі табиғаттың құбылыстары жайында қарапайым ұғым қалыптастыру.

«Ер Төстік» балабақшасында 5 топ бар. Олардың екеуі мемлекеттік тілде болса, қалған үшеуі орыс тілді топтар. 1964 жылы ашылған білім беру мекемесіне көкшетаулықтардың арасында «Привокзалка» атаумен таныс шағын аудандағы балалар барады. Тіпті, мұндағы еңбек ұжымының арасында өздері осы балабақшада тәрбиеленген мамандар да бар. Көбіне бір үйдің балалары, немерелері келеді. Тәрбие берудегі басты бағыттың бірі – экология. Бүлдіршіндерді табиғатты аялауға үйрететіп, еңбекке баулиды. Балабақшаның ауласының әдемілігі алыстан көз тартады. Мұнда  18 түрлі гүлді өсімдіктер өседі. Өздерінің шағын саябағы да бар.

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 231 раз
© 2013-2021 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия"

Наш партнер - Platon.asia - новости и аналитика в Казахстане

Яндекс.Метрика