Среда, 08 сентября 2021 14:17

Ақмола облыстық кітапханасында қазақ тілін оқыту курстары ашылды

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Қазақстан халқы тілдері күніне арналған онкүндік аясында Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында қазақ тілін оқыту курстарының салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы. 

Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Алтынай Әміренова өзінің құттықтау сөзінде барлық жиналғандарды қазақ тілі курсының ашылуымен құттықтады.

«Тілдер онкүндігі аясында облыстың барлық мемлекеттік мекемелері мен ұйымдарында мемлекеттік тілді насихаттауға бағытталған түрлі іс-шаралар өткізілуде. Міне, бүгін біз осындай тағы бір маңызды іс-шараның ұйымдастырылуына куә болдық. Барлық тыңдаушыларға сәттілік тілеймін», - деді Алтынай Әміренова.

Облыстық кітапхананың директоры Құдайберлі Мырзабек атап өткендей, мекеме қызметкерлері үшін сабақтар күн сайын жұмыс күндері бір сағат бойы өткізіледі. Курсқа тілді меңгеру жасына және деңгейіне қарамастан, кез келген адам қатыса алады.

Шара барысында қатысушылар Қазақстан халқы тілдері күніне арнайы ұйымдастырылған «Менің тілім-менің Тәуелсіздігім. Тіл мен Тәуелсіздік егіз ұғым. My Language is My Independence» атты кітап көрмесімен танысты.

Кездесу соңында барлық курс тыңдаушыларына естелік ретінде оқу құралдары табыс етілді.

Айта кетейік, өңірде Қазақстан халқы тілдерінің онкүндігі аясында екі мыңға жуық іс-шара өткізіледі. Олардың қатарында конкурстар, акциялар, викториналар, айтыстар, көрмелер, дөңгелек үстелдер, онлайн форматтағы түрлі іс-шаралар бар.

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 180 раз Последнее изменение Среда, 08 сентября 2021 14:17
© 2013-2021 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия"

Наш партнер - Platon.asia - новости и аналитика в Казахстане

Яндекс.Метрика