Вторник, 07 сентября 2021 14:07

IT мамандарын даярлайтын білім ошағы ашылды

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстанда IT мамандар тапшы. Осыған орай, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Жолдауында айти-секторға қатысты бірқатар тапсырма берді.

Яғни, «Цифландыру» жобасы аясында 100 мыңнан астам IT  маманын даярлауды жүктеді. Бұл тұрғыда Ақмола облысы жүйелі жұмыс атқаруда. Бурабай ауданында ашылған IT лицей-интернаты осы саладағы жас мамандарды дайындауға жол ашады. Өңір басшысы Ермек Маржықпаев білім ошағына арнайы барып, жұмысымен танысты.

Бұл осы мектеп оқушыларының туындысы. Яғни, қарапайым басқару тетігі арқылы оқушылар роботтарды еркін басқарады. Олар жүреді, құрайды, қажет болса керек затыңды да алып келеді. Бұдан бөлек, аталмыш білім ошағында робототехникамен қатар IT саласына да ерекше ден қойылған. Мектеп директоры оқу жылын жаңа бағдарламамен бастағандарын айтады.

Осылайша, білім ошағының басшысы Президент жүктемесін сезініп, барынша орындауға сенім білдірді. Айталық, мектептің іргетасы 2019 жылы қаланған. Алғашқы кезде қарапайым мектеп болғанымен, осы жылдан бастап IT лицей-интернаты лауазымына ие болып отыр.  Енді білім ошағы оқушыларды 7-ші сыныптан бастап қабылдайды. Мектеп мұғалімдері шәкірттерге заманауи инновациялық технологияның қыр-сырын үйретіп қана қоймай, кәсіби маман етіп дайындауды көздейді.

Бүгінде облыс бойынша 2 IT мектеп жұмыс істейді. Оның бірі Бурабай ауданындағы мектеп болса, енді бірі Көкшетау қаласында орналасқан. Жергілікті білім саласының мамандары алдағы уақытта осындай заманауи технологияларға бейімделген оқу ошақтарының санын көбейтуді жоспарлап отыр.

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 218 раз Последнее изменение Среда, 08 сентября 2021 14:23
© 2013-2021 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия"

Наш партнер - Platon.asia - новости и аналитика в Казахстане

Яндекс.Метрика