Среда, 28 июля 2021 12:32

Ақмола облысында Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында өткізіліп жатқан іс-шаралар туралы айтылды

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Жыл басынан бері Ақмола облысында Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған халықаралық, республикалық, қалалық және аудандық деңгейлерде 6500-ден астам түрлі форматтағы іс-шаралар өткізілді.

Мерейтойлық күнді мерекелеудің аралық қорытындылары туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Алтынай Әміренова айтып берді, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.

Спикердің айтуынша, Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеудің "Жасампаздыққа толы жылдар" тұжырымдамасына сәйкес Ақмола облысында тақырыптық іс-шаралар жоспары жүзеге асырылуда, оған 168 зәкірлі іс-шара, сондай-ақ 70 әлеуметтік маңызы бар нысанның ашылуы кіреді. Ерекше назар көрнекті палуан Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығына, ақын Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына, ағартушы-педагог Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына, сондай-ақ атаулы күндерге аударылды.

"Биыл өңірде Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында 6500-ден астам ауқымды іс-шаралар өткізілді. Олардың қатарында "Елін сүйген, Елі сүйген – Елбасы" авторлық әндер байқауы, "Шоқан оқулары-25" халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы, Көкшетауда "Тәуелсіздік жастары" аллеясы мен достық Арбатының ашылуы, Бурабай ауданында Абылай хан алаңында мультимедиялық интерактивті кешеннің ашылуы, "Ұлы Дала тарихына қол тигізіңіз! Touch the History of the Great Steppe!» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы. "Мамандыққа 30 жыл", "Тәуелсіздік тарландары", "Мен үшін Тәуелсіздік деген не?",- деді Алтынай Әміренова.

Ішкі саясат басқармасының басшысы атап өткендей, биыл өңірде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай 10 инфрақұрылымдық, индустриялық және әлеуметтік-мәдени нысан пайдалануға берілді. Целиноград ауданының Қоянды ауылында 1200 орындық мектеп есігін айқара ашты, Біржан сал ауданының Степняк қаласында "Жеңіс" балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру клубы ашылды, Есіл ауданының Есіл қаласында, сондай-ақ Целиноград ауданының Қосшы және Ақмол ауылдарында көп пәтерлі үйлердің тұрғындарына кілттер табыс етілді, Шортанды ауданының Степное ауылында дәрігерлік амбулатория іске қосылды, Көкшетауда "John Deere" маркалы ауыл шаруашылығы техникасына қызмет көрсету және сату бойынша сервистік орталық ашылды. Жыл соңына дейін тағы 60 индустрия және әлеуметтік сала нысандарын ашу жоспарланған.

"Биыл "Туған жер" арнайы жобасы аясында облыста 300-ден астам меценаттарды тарта отырып, жалпы сомасы 400 млн.теңгеден асатын 300-ден астам әлеуметтік бастама жүзеге асырылды. Табысты шаруа қожалықтарының, ұйымдар мен кәсіпорындардың басшылары ауыл тұрғындарына үлкен қолдау көрсетеді. Олардың қолдауының арқасында биыл 13 нысанды қайта құру, 12 жаңа нысанды салу және 302 басқа да әлеуметтік бастаманы жүзеге асыру жүзеге асырылды", - деп толықтырды Алтынай Әміренова.

Айта кетейік, екінші жартыжылдықта мерейтойлық датаны мерекелеу аясында облыста 60 зәкірлі іс-шара өткізу жоспарланған.

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 361 раз
© 2013-2021 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия"

Наш партнер - Platon.asia - новости и аналитика в Казахстане

Яндекс.Метрика