Понедельник, 26 июля 2021 16:18

Ақмола облысында ҚР Ұлттық ұланының 200-ден астам сарбазы ант қабылдады

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Көкшетауда 5510 әскери бөлімінің жас сарбаздары салтанатты түрде әскери ант қабылдады, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.

Жыл сайын еліміздің әр өңірінен Ұлттық ұланның 5510 әскери бөлімінің қатарына жас жігіттер өздерінің қасиетті борыштарын, Отан қорғаудағы әрбір ер адамның борыштарын орындауға шақырылады.

Әскери ант беруді Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген 200-ден астам жас жауынгер қабылдады.

Қолданыстағы карантиндік шараларға байланысты әскери ант беру сарбаздардың туыстары мен жақындарының қатысуынсыз және өзара іс-қимыл жасайтын органдардың өкілдерін шақырусыз онлайн-режимде жүргізілді.

Сонымен қатар, жас жауынгерлерді Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова құттықтады.

"Биылғы жылы барлық іс-шаралар еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өткізілетіні белгілі. Мерейтойлық жылдың тағы бір жарқын шарасы - біздің жастарымыздың Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарына кіру салтанаты болды. Тәуелсіздік жылдарында ҚР Қарулы Күштері күрделі жолдан өтіп, өз әлеуетін айтарлықтай күшейтті. Түрлі өзгерістерге ұшырап, біздің мықты әрі жинақы армиямыз бүгінде мемлекетті сыртқы қатерлерден қорғаудың, ел егемендігін сақтаудың кепіліне айналды. Біз сіздер - Отан қорғаушылардың жас ұрпағы, Отанға адал қызмет етесіздер, әскери жарғыларды лайықты орындайсыздар және Қазақстанның ұлттық мүдделерін қорғау бойынша өз қызметтеріңізді мақтанышпен атқарасыздар деп үміттенеміз", - деп атап өтті өзінің құттықтау сөзінде Айна Мысырәлімова.

Әскери антты салтанатты қабылдау аяқталғаннан кейін жас жауынгерлер салтанатты маршпен өтті, сондай-ақ саптық даярлық элементтері мен қоян-қолтық ұрыс тәсілдері бойынша көрсетілімдерді көрсетті.

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 541 раз
© 2013-2021 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия"

Наш партнер - Platon.asia - новости и аналитика в Казахстане

Яндекс.Метрика