Понедельник, 26 июля 2021 10:08

САЙРАМДЫҚ ОТБАСЫҒА ДЕМЕУШІЛЕР ҮЙ САЛЫП БЕРДІ

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Түркістан облысы Сайрам ауданының жаны жомарт азаматтары мұқтаж отбасын баспанамен қамтуға ниетті. Демеушілер есебінен Хамдам Хадиметовтің жанұясына Қарамұрт ауылдық округі, Низамабад елді мекенінен 5 бөлмелі үй салынуда, деп хабарлайды Көкшетау Азия ақпараттық агенттігі Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.⠀



Баспана құрылысы ағымдағы жылы қараша айында аяқталады деп күтілуде. Құрылыс жұмыстарын Зульфия Өмірзақова бастаған «Нур Ихсан» қоры қаржыландырған. Отағасы Хамдам – мал бағушы, әйелі - үй шаруасында. 3 баланы тәрбиелеп отырған аз қамтылған отбасы тозығы жеткен, апатты жағдайдағы 1 бөлмелі үйді паналап отыр. Қазіргі таңда жаңа үйдің есік-терезелерін орнатуға тапсырыс берілген. Сондай-ақ, жылу жүйесі мен ауыз су мәселесі де өз шешімін табады. ⠀
Достар, лүпіл ( лайк) басып, біздің kokshetauasia_kaz парақшасына жазылыңыздар!⠀⠀
⠀⠀
Және де осы ақпаратпен достарыңызбен бөлісе отырыңыз, себебі бізде сіздер үшін әлі талай қызық ақпарат болады!⠀⠀
#көкшетау #жаңалықтар #Қазақстан #бақ #әлем#жаңалықтары #көкшетау#азия#кокшетау#азия⠀

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 555 раз
© 2013-2021 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия"

Наш партнер - Platon.asia - новости и аналитика в Казахстане

Яндекс.Метрика