Среда, 21 июля 2021 10:46

Қазақстандық 80 жастағы⠀ әже тұрмысқа шықты

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

“Биыл қарым-қатынасын заңмен реттеп, некеге тұрған қалыңдықтардың арасында 80 жастағы әжей кездесті. Ол күйеуге шыққан қалыңдықтардың арасындағы ең үлкені. Ал ең үлкен күйеу жігіт 84 жаста", – деді ҚР стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі ұлттық  статистика бюросының Павлодар облыстық департаментінің басшысы Жақан Жакенов. ⠀



Сондай-ақ ол өңірдегі ең жас келіндерге де тоқталып өтті.⠀

"Ең жас келіндердің жасы 16-да. Өңірдегі үш қыз бала осы жасында күйеуге шығып отыр. Екі күйеу жігіт 17 жаста", – деді ол.⠀

Брифинг барысында АХАТ органдарының Павлодар облысында 1735 некені тіркегені расталды. Сонымен қатар ажырасушылар саны да анықталды. Жыл басынан бері өңірде 449 жұп ажырасып кеткен.⠀

“2021 жылдың қаңтар-мамыр айларында 4677 нәресте дүниеге келді, олардың 2378-і ұлдар. Демек, 100 қызға 103 ұл. 3741 адам қайтыс болды, қайтыс болғандардың ішінде ерлердің үлес салмағы 51,3%-ды құрады. Өлім себептерінің арасында қан айналымы жүйесі ауруларынан – 22%, тыныс алу органдары ауруларынан – 10,7%, рак ауруынан – 9,5% болатын өлім-жітім басым болып отыр”, – деп толықтырды Жақан Жәкенов.⠀

Фотосурет желіден алынды

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 356 раз
© 2013-2021 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия"

Наш партнер - Platon.asia - новости и аналитика в Казахстане

Яндекс.Метрика