Пятница, 09 июля 2021 20:43

Қазақстан Халық партиясы кітапханалардың жұмысын жандандырып, оларды қаржыландыруды талап етеді

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(1 Голосовать)

ҚХП ұйымдастырған " Қызыл автобус " акциясы аясында мәжілісмендер Қостанай облысына сапар шекті. Молокановка елді мекенінде кітапханадан басқа мәдениет ошағы жоқ екен. Қазақстан Халық партиясының төрағасының орынбасары Олжас Сыздықов бұл жайында мынадай пікір білдірді.

- Өркениеттің болуын не анықтайды? Кейбіреулер үшін бұл коммуналдық инфрақұрылымның болуы. Басқалары тұрғын үй мен қоғамдық объектілердің сапасы сияқты негізгі қажеттіліктерге назар аударады. Менің ойымша, әр елді мекеннің жүрегі екі нәрсемен анықталады: оның қоғамдық кеңістігінің жағдайы және көпшілікке арналған кітапханалардың сапасы.⠀

Рамзес II сарайының бір ғимаратына қазба жұмыстары кезінде археологтар «Жанға арналған дәріхана» деген жазуды тапты. Ежелгі мысырлықтардың пікірінше, кітаптарды адамның ақыл-ойын мықты ететін дәрімен салыстыруға болады, және де кітап адамның жанын рахатқа бөлейді. Ал біз мұндай «жанға арналған дәріхананы» Қостанай облысының Қостанай ауданындағы Молокановка ауылына Қызыл автобуспен келген кезде таптық.⠀

Ауылдың атауы православие шіркеуі «ерекше зиянды» деп санайтын молокандар сектасына жататын иммигранттардан шыққан. Әрине, қазір ауылда адамдар өздерінің ата-бабаларының қандай болғанын еске жиі алмайтын болар, бірақ олардың наразылық рухы мен толыққанды өмір сүруге деген ұмтылысы көп нәрсені айтады. Әрине, қоғамдық орындар туралы айтудың қажеті жоқ - айналада бәрі қираған: ауыз су жоқ, зиянды қоспалардың болуын өлшейтін қондырғымыз бұл жердің суын қауіпті деп анықтады, зияны нормадан бес есе артық екенін көрсетті, ауыл тұрғындары автобусты, жолдарды, медициналық көмек пен интернетті тек теледидардан тамашалайды. Ал жергілікті атқарушы билік өкілдерін- сайлау алдында ғана көреді.⠀

Бұл бір кездері миллионер ауыл болған, республикалық бағыныста тұрған, қазір ешкімге керексіз болып, аудан орталығынан 17 шақырым жерде орналасқан «сәтсіз» ауылдық округ. Жастардың ауылдан кетуіне жергілікті атқарушы билік барлық жағдайды жасады. Мекенде бес жүзге жуық адам қалғанда, олар бұл ауылды перспективсіз деп санап, кем дегенде 2000 тұрғыны бар ауылдарға ғана қаржы бөлді. Шенеуніктер тағы не ойлап табады?⠀

Мәжіліс депутаты Сергей Решетников жақын арада ауыл тұрғындарының тұрмысын жақсарту мүмкін еместігі туралы аудан әкімі орынбасарының көптеген уәждеріне жауап ретінде былай деді. - Көмектескісі келетіндер мүмкіндік іздейді, кім көмектескісі келмесе, себеп іздейді. Олар кепілдік бере алған жалғыз нәрсе - елді мекендерге суға арналған резервуарларды орнату болды. Мен бұған дейін айтқанымдай, судың сапасы өте нашар. Цинизмнің ең биік шыңы - олар бұл суды сататынында!⠀

Мен ештеңеге қарамай өмір сүретін және жай өмір сүрмей, толыққанды өмір сүретін адамдарға риза болдым. Ауылда облыста әйгілі «Сударушка» ансамблі бар, онда үлкен кісілер өнер көрсетеді, олар қойылымдары үшін көршілес «Октябрьскоеға» барады. Кітапхана - бұл жергілікті мәдени орталық және мемлекет нысаны. Мұнда зейнетақы беріледі, адамдар жаңалықтарды талқылау үшін осында жиналады және жай кітап оқиды. ⠀

Ғимарат, әрине, күрделі жөндеуді қажет етеді, нысан оны сақтаушы - Молдатаева Марина Григорьевнаның арқасында тұр. Мемлекет өз күшімен тек құрылыс материалдарын ғана ұсынады. Жағдайы мүшкіл ауылды көріп, көңіл-күйі түскен Файзолла Каменұлы Каменовтың бұл кітаптхананы көріп, жүзі күлімсіреді, қайтып келе жатып ол алған әсерімен бөлісті. «Мұндай энтузиастар болғанша, ауыл жоғалып кетпейді. Бұл біздің адамдар!» - бұл айналасына комплимент лақтыруға дағдыланбаған адамның сөздері.⠀

Бүгінде кітапханаларға шабуыл бұрынғыдан да көп болып отыр. Олар үкіметтің қаржыландыруына тәуелді, ал кітапхана бюджетті қысқартудың ең оңай жолы болып табылады. Біздің партия кішігірім ауылдар тұрғындары үшін мәдени ұяшыққа айналған, солардың көмегімен бұрынғы мәдениетті жандандырамыз деп үміттенетін осы білім ошағын «оңтайландырғысы» келетіндердің қарсылығына қарамастан, кітапханаларды қаржыландыруды көбейтуге тырысады.

Алма Негметова, [09.07.21 20:11]

⠀⠀
#қызылавтобус ⠀⠀
#QHP⠀⠀⠀
#ҚХП⠀⠀⠀
#НПК⠀⠀⠀
#Айкынконуров⠀⠀
#Халықпартиясы⠀⠀⠀
#Народнаяпартия⠀⠀⠀
#Халықмедиатобы⠀⠀⠀
#Саясипартия⠀⠀⠀
#Политическаяпартия⠀⠀⠀
#Мемлекет⠀⠀⠀
#Халық⠀⠀⠀
#Президент⠀⠀⠀
#Қазақстан⠀⠀⠀
#Үкімет⠀⠀⠀
#Правительство ⠀⠀⠀
#ПрессСлужбаНПК⠀⠀⠀
#ҚХПбаспасөзқызметі⠀⠀⠀
#Сайлау⠀⠀⠀
#Выбор⠀⠀⠀
#Әкім⠀⠀⠀
#Аким ⠀⠀⠀
#Аудан⠀⠀⠀
#Район⠀⠀⠀
#Сельскийокруг ⠀⠀⠀

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 26664 раз
© 2013-2021 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия"

Наш партнер - Platon.asia - новости и аналитика в Казахстане

Яндекс.Метрика