Четверг, 08 июля 2021 16:50

ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Тәуелсіздік талантты жастар үшін мол мүмкіндік сыйлады.  Бүгінде экономикасы әлеуетті, білім, мәдениет, өнер саласы да қарқынды дамып келеді. Бұл тұрғыда тәуелсіздік құрдастарының да рөлі басым.

Бота Қалиева – Тәуелсіздіктің құрдасы. Шығармашылық отбасында дүниеге келген ол сахнаға шығуды балалық шағынан армандаған. 3 жасынан бастап түрлі фестивальдарға қатысып, ән шырқаған.  5 жасында ол Санкт-Петербургте өткен «Кішкентай жұлдыздар» халықаралық байқауына Қазақстанның атынан қатысқан. Тіпті, талантты қыз көршілес Ресейдің мәдени астанасына халықаралық деңгейдегі өзге де байқаулар мен фестивальдерге бірнеше рет шақырту алған.

БОТА ҚАЛИЕВА, ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ҚҰРДАСЫ  Тоқсаныншы жылдар аздап қиын болғанына қарамастан, еліміздің есімі талантты өнерпаздардың арақсында әлем шарлады. Бұл мен үшін сол кездің өзінде мақтанарлық жай еді. Сол кездің өзінде Роза Рымбаева, Еркеш Шәкеев демеушілік етті. Осындай қолдаудың арақсында байқауға қатысуыма, сондай-ақ менімен бірге қатысқан және біздің елдің атынан шыққан көптеген өнерпаздарға үлкен нәтиже берді.

Талантты қыз шығармашылық қызметін 16 жасына дейін, облыстық, республикалық, халықаралық байқауларға қатысты. Оның осы табандылығы тек алға жетелей берді.  Жоғары білім алғаннан кейін Бота Қалиева отбасын құрды. Бірақ ол өзінің сүйікті кәсібі - мәдениет пен өнерден бас тартқан жоқ. Жұбайымен бірге отбасылық кәсіп ашты.

БОТА ҚАЛИЕВА, ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ҚҰРДАСЫ  Бүгінгі таңда түрлі іс-шаралар өткіземіз.  біз іс-шаралар ұйымдастырып жатырмыз. Біздің ел мен ТМД мемлекеттерінде де әр түрлі деңгейдегі әртістермен қарым-қатынас жасауға еш кедергі жоқ.

БЕЙБІТ БАҚТЫГЕРЕЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ОРЫС ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ  Бота мәдениетті отбасында дүниеге келген қыз. Дарынымен қатар қазақ дәстүрі де сіңірілген. Ол өте көпшіл, өте дарынды, креативті.  Осы 30 жыл ішінде шығармашылық, заманауи жастар өсіп келеді. Бастысы бүгінгі жастар алға қарай сенімді түрде қадам басуадн қорықпайды.

Бота Қалиева атап өткендей, тәуелсіз мемлекетпен құрдас болу – зор жауапкершілікті талап етеді. Оның үстіне ел дамуы үшін жастардың кез келген іске білек сыбана қатысуы маңызды.

kokshetautv.kz

ЖАНСҰЛУ ЖИЕНҚҰЛ, ИВАН ОДНОРОГ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 219 раз
© 2013-2021 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия"

Наш партнер - Platon.asia - новости и аналитика в Казахстане

Яндекс.Метрика