Пятница, 02 июля 2021 12:44

ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН ЖАЗҒЫ МЕКТЕПТІҢ АШЫЛУЫ

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Жастар ресурстық орталығы жастар мен олардың ұйымдарын қолдау және дамыту үшін қызмет көрсету мақсатында жұмысын үйлестіреді. Сондай-ақ, ақпараттық-әдістемелік кеңес беру және жаңа бастамаларға қолдау білдіріп келеді. Соның ішінде волонтерлар аталған орталықтың жұмысының маңызды бір бөлігі іспетті. Жастар ресурстық орталығы түрлі санаттағы жастармен жұмыстар жүргізеді.

Жазғы кезеңде аталған орталықтың базасында жастарға арналған жазғы мектеп ашу жоспарланған. Бұл жобаның мақсаты – жастардың мүмкіндіктеріне жол ашу, қақтығыс жағдайынан шығу жолдарын іздеу, қатысымдық құзыреттілікті қалыптастыру.

АЙГҮЛ ӘЛЖАНОВА, ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ПСИХОЛОГЫ  1 шілдеде жастар ресурстық орталығының базасында жазғы мектептің ашылуы басталады. Сабақ 45-60 минут аралығында өтеді. Топта  8-14 адам болады. Біздің мектепте жеке өсу және өзін-өзі дамыту бойынша психологиялық тренингтер өтеді. Сондай-ақ зияткерлік ойындар, үстел ойындарының фестивалі, актерлік шеберлік сабақтары, хореография сабақтары өткізіледі.

Облыстағы волонтерлардың қоғамда атқарып отырған ролі орасан. Әсіресе, карнатин кезінде олардың жұмысына ерекше екпін берілді.

АҚҚУ АМАНЖОЛОВА, ВОЛОНТЕРЛАР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ  Тұрмысы нашар отбасыларға және көп балалы отбасыларға азық-түлік апарып көмек көрсетеміз. Келесі аптада "Көз қарас" атты акция жоспарлап отырмыз. Бұл акцияда тұрмысы нашар отбасылардан шыққан балалармен мұражайға бару көзделген. Сондай-ақ, біздің орталықта аз қамтылған отбасылар үшін сөре ашу да жоспарда бар.

Қазіргі жастардың ой-өрісі, интеллекті де өзгеше. Олардың қызығушылықтары неғұрлым көп болса, даралықты және бірегейлікті ашу мүмкіндігі соғұрлым жоғары екендігі сөзсіз. Жастар орталығы ортақ пікірлестерді табуға және мақсаттарға жетуге мүмкіндік береді.

kokshetautv.kz

МАДИНА ҚАДЫРБЕК, АБЫЛАЙ БАЛТАБАЕВ, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, АНУАР НЫҒМЕТЖАН

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 276 раз
© 2013-2021 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия"

Наш партнер - Platon.asia - новости и аналитика в Казахстане

Яндекс.Метрика