Пятница, 14 мая 2021 10:17

«EURASIA PIANO FORUM-2021» БАЙҚАУЫН АҚМОЛАЛЫҚ СТУДЕНТТЕР БАҒЫНДЫРДЫ

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің 115 жылдығына арналған «EURASIA PIANO FORUM-2021» VІ халықаралық байқауында ақмолалық дарындар жеңіс тұғырынан көрінді. Аталмыш бәйгеде Біржан сал атындағы музыкалық колледжінің студенттері І орынды еншілеп, лауреат атанды. 

Бекұлан Ерболатұлы Біржан сал атындағы музыкалық колледжінің 4-курс студенті. Ол академиялық ән салу бөлімінде білім алады. Десе де, фортепианиноны жаны сүйеді. Бір қызығы, ол бұл аспапты меңгергеніне 4 жыл ғана болған. Яғни, оқуға түскеннен кейін барып қана серік еткен. Бүгінде танымал халықаралық байқаудағы кіл мықтылардың арасынан жарып шықты.   

БЕКҰЛАН ЕРБОЛАТҰЛЫ, БІРЖАН САЛ АТЫНДАҒЫ МУЗЫКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ Ән айтумен кішкентай кезімнен айналысамын. 5 жасымнан бастап ән айтамын. Музыкалық білім алу үшін осы колледжге шықтым.+скл+Қыркүйектен бастап конкурстарға қатыса бастадым. Өз мамандығым бойынша да, пианино бойынша да конкурстарға қатыса бастадым.    

Ал, Назмина Сүлейменова аталмыш байқауда ансамбль құрамында ойнап, өзінің талантын паш етті. Ол музыкаға 3 жастан бастап құмар екенін айтады. Ал пианиномен 6 жастан бастап айналысады.

НАЗМИНА СҮЛЕЙМЕНОВА, БІРЖАН САЛ АТЫНДАҒЫ МУЗЫКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ Біз бұл онлайн байқауға өте тыңғылықты дайындалдық. Өйткені, біз үшін бұл жаңалық болды. Біздің ансамбль қыркүйек айында құрылды. Қазан айында жүлделі орындарды иелене бастадық. Біз қазіргі таңда республикалық, халықаралық байқауларға қатысып жүрміз. Біз әрбір туындыға баса назар аудардық. Күніне бірнеше сағаттан дайындалып жүрдік.

Жас музыканттарды халықаралық байқауға дайындаған Людмила Бузина бұл жеңістің орны бөлек екенін айтады.

ЛЮДМИЛА БУЗИНА, БІРЖАН САЛ АТЫНДАҒЫ МУЗЫКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ  Жеке және ансамбль орындаулары бойынша І орынды иелендік. 2-орынды Нұр-Сұлтан, 3-орынды Алматы қаласының студенттері еншіледі. Қос қала да еліміздің бірегей ордасы. Ең керемет оқытушылар жасақталған. Қазылар алқасының бізді осылай жоғары бағалағанына қуаныштымын. Студенттеріміз үшін бұл үлкен белесті бағындырғанмен тең. Қуанышымызды тіпті сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Балалар өте тыңғылықты дайындалды. Олар бұл жеңіске әбден лайықты.   

Колледж басшылығы бұл жеңістің соңы емес екеніне сенімді. Тыңғылықты дайындық, нақты қадам, кәсіби маман. Бұл біздің ең басты қағидамыз,-дейді колледж директорының орынбасары.

ГҮЛМИРА МӘДИЕВА, БІРЖАН САЛ АТЫНДАҒЫ МУЗЫКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ  Негізі осы орындарға қазақ халық аспаптары бөлімінің студенттері, орыс халық аспаптары бөлімінің студенттері, ән айту бөлімінің студенттері, фортепиано және хор бөлімдерінің студенттері жылда қатысып тұрады. Негізі жыл сайын Алматы қаласында өтетін Құрманғазы атындағы консерваторияда республикалық олимпиаданың иегерлері болдық. Жыл сайын Алматы және Нұр-Сұлтан қаласында ұйымдастырылатын музыкалық колледждердің арасында өтетін байқаудан да жеңімпаз атандық.

Айта кетейік, сайыс онлайн форматта өтті. Жас музыканттар да, басшылық та әрі қарай биік белестерді бағындыруға ниетті.

kokshetautv.kz

ТІЛЕК ҚАЙЫРЖАН, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 326 раз Последнее изменение Пятница, 14 мая 2021 10:21
© 2013-2021 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия"

Наш партнер - Platon.asia - новости и аналитика в Казахстане

Яндекс.Метрика