Вторник, 27 августа 2019 08:50

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласы дамуының мақсаттары мен алғы шарттары

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңына сәйкес, мемлекеттік қызметтер негізігі қағидаттарының бірі болып мемлекеттік қызметтер көрсету процесін үнемі жетілдіру болып табылады, хабарлайды «Көкшетау Азия» ақпараттық агенттігі ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл ретте, еліміздің көптеген стратегиялық құжаттары мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электрондық нысанға көшіруге бағытталған.

Атап айтатын болсақ, 2019 жылдың 1-жартыжылдығында Ақмола облысының тұрғындарына электрондық нысандағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жалпы үлесі 84,2 % құрайды. Салыстыра келсек, 2018 жылы бұл көрсеткіш 81,2 % жеткен, ал 2017 жылы 64,9 % тең болса, 2016 жылы электрондық нысандағы қызметтердің үлесі бар болғаны 30 % құраған.

Осы қысқа есептен бұл бағыт қарқынды дамып келе жатқанын оңай көруге болады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ету барлық мемлекеттік органдардың, соның ішінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің, басты міндеттерінің бірі болғанымен, электрондық нысандағы көрсетілетін қызметтердің саны мен үлесінің артуында ең басты рөлді оқытылуға, жаңашылдыққа ынтасы мол жерлестеріміз атқарды деген тұжырыммен бөліссек, қателік бола қоймас.

Оқырманда «жалпы мемлекет пен азаматтардың арасындағы байланысты цифрландырудың мақсаты не?» деген сұрақ туындауы мүмкін. Бұл сауалға жауап бір қарағаннан күрделі болып көрінгенімен әлдеқайда қарапайымдау болып табылады. Сіз мемлекеттік қызметті электронды нысанда алған жағдайда көптеген басымдылықтарды көре аласыз.

Біріншіден, өзіңіздің уақытыңызды әжептәуір үнемдейсіз. Кезектілікке душар болмайсыз. Сонымен бірге, қызметті кез-келген ыңғайлы мезгілде үйде отырып немесе реті келген жағдайда жұмыс уақытында да алуыңызға мүмкіндігіңіз бар.

Екіншіден, қызмет алу үшін барынша қарапайым жағдайлар қажет, олар: дербес компьютер, электрондық цирлық қолтаңба және Ғаламторға қолжетімділік (атап өтетін жайт, мобильді қосымшалар мен «Telegram-bot» арқылы қызмет алу бұдан да жеңілірек, алайда, бұл – өзге ауқымды мақаланың тақырыбы).

Үшіншіден, мемлекеттік қызмет алушы мен берушінің арасындағы тікелей байланыс жойылады, яғни, сыбайлас жемқорлыққа түрткі болуы мүмкін қандай да бір себептер мен жағдайлар пайда болуына мүмкіндік берілмейді.

Осылайша, Сіз электронды нысанда қызмет алу арқылы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша мемлекеттік саясатқа оң септігіңізді тигізесіз.

Жоғарыда аталған басымдылықтар ең негізігілері ғана, бұл тақырыпты зерделесеңіз басқа да жағымды жақтары көп.

Сонымен қатар, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің халық алдында үлкен маңыздылығын 2019 жылғы 19 маусымдағы Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің «Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» сайлауалды бағдарламасын және «Бірге» жалпыұлттық акциясы барысында алынған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарынан аңғаруға болады.

Мысалға, мемлекеттік қызметтердің өзекті мәселелеріне аталған жоспардың 16-тармағында назар аударылса, 91-тармақта «Ауыл – Ел бесігі» жобасы шеңберінде олардың ауылдық елді мекендерде қолжетімділігі деңгейін арттыру көрсетілген.

Бірінші мәселеге тоқталатын болсақ, Департамент уәкілетті орган ретінде, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы өзекті мәселелерді назарынан тастамайды.

Мемлекеттік қызметтердің сапасы бойынша түскен шағымдарды қарау, сондай-ақ, бұл салада мемлекеттік бақылауды жүргізу біздің мекемеге Қазақстан Республикасының заңнамаларымен жүктелген міндет.

Сонымен, биылғы жылы Департаментке мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына қатысты 25 өтініш түсіп, оларды қарау барысында 4 азаматтың дәлелдері өз айғағын тауып, олардың құқықтары қалпына келтірілген. Бұдан өзге, 4 өтініш иелеріне басқа мемлекеттік органдармен ортақтаса отырып заңды мүдделерін жүзеге асыру бойынша көмектер көрсетілген.

Осымен шектелмей, бір тұлғаның шағымын қарау барысында құқықтық құжаттамаларда кемшіліктер айқындалып, Мемлекеттік корпорацияның орталық аппаратына Департаментімен тиісті ұсынымдар жолданды. Оларды қарастыру бойынша аталып өткен мемлекеттік ұйыммен қызметінде қолданылатын актілерге өзгеріс енгізу мен бір ақылы қызмет түрін telegram-bot арқылы көрсетілетіндердің қатарына қосу мүмкіндігі қаралуда.

Яғни, сервистік мемлекет ұғымын басшылыққа ала отырып орталық деңгейіндегі мемлекеттік органдарға дейін қандай да бір өзекті мәселе болмасын оның жедел шешілуіне қызығушылығын танытуға әзір екенін көруге болады.

Іс-жоспардағы екінші аталған сұраққа келетін болсақ, Департамент осы уақытқа дейін аудандарда, соның ішінде шалғай жатқан елді мекендерде, жергілікті тұрғындар үшін мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу тәсілдері туралы түсіндірме жұмыстарын өткізумен қатар, барлық ауылдық округтер әкімдерінің аппараттарында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштамларының ұйымдастырылуына барынша ат салысты.

Сонымен бірге, Департамент аталмыш тармақты жүзеге асыру үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін ұсыну, қала құрылысы және мемлекеттік сатып алулар салаларындағы өзекті сұрақтар туралы өз ұсынымдарын жолдады.

Жалпы, айтылғаннан бөлек, Қазақстан Республикасы Президентінің «Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» сайлауалды бағдарламасын және «Бірге» жалпыұлттық акциясы барысында алынған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарында мемлекеттік органдардың алдында аса үлкен әрі маңызды тапсырмалар қойылған.

Дегенмен, жұмыла көтерген жүк жеңіл екенін ескерсек, бұл бастаманың жүзеге асуына ең негізгі шарттар – ол халық сенімі мен барлығымыздың ортақтаса отырып салған күш жігеріміз. Сол себепті, бірлігіміз жарасқан жерде еліміздің кез келген мақсатқа қол жеткізе алатынына кәміл сенеміз!

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 600 раз
© 2013-2021 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия"

Наш партнер - Platon.asia - новости и аналитика в Казахстане

Яндекс.Метрика