Понедельник, 05 августа 2019 16:14

Мемлекеттің қызметті одан әрі дамытуда стратегиялық жоспарлаудың рөлі

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Қазіргі заманның сын-тегеуріндері басқару ресурстарының кәсібилігін арттырып, мемлекеттік органдардағы кадрлық жұмыс жүйесінің сапалық деңгейін жоғарылатуды, соның ішінде стратегиялық жоспарлай білуді талап етеді, хабарлайды «Көкшетау Азия» ақпараттық агенттігі ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жоспарлаудың бұл түрі тек мемлекеттік органның ғана емес, сондай-ақ кез келген мекеменің дамуына, ұзақмерзімді болашақтағы мақсаттарына жетуіне мүмкіндік беретін бәсекеге қабілетті еңбек ету әлеуетін қалыптастыра отырып, басқару болып табылады. Нақтылап айтатын болсақ, персоналды стратегиялық жоспарлау - жоғары кәсіби, жауапты және ұйымдасқан ұжымды құруға бағытталған жұмыс. Бұл жерде мақсатқа қол жеткізу үшін тек қызметтік міндеттерді орындай алу қабілетінің жеткіліксіз екендігін айтып өткен жөн. Бүгінгі мемлекеттік қызметшіге қойылатын талаптардың бірі оның жоғары кәсібилік, жауапкершілік, бастамашылдық т.б. құзыреттіліктерімен қоса адамгершілік, халықтың мұң-мұқтажын шешуге зейін қоя кірісуге әрдайым даяр тұратын адами қасиеттерінің болуы.

Стратегиялық жоспарлау персоналды басқарудың іріктеу, оқыту, ынталандыру, бағалау, ұстау және мансаптық ілгерілету сияқты барлық кезеңін қамтиды.

Ұлт жоспарын орындау аясында қабылданған мемлекеттік қызмет туралы жаңа заң меритократия қағидатын қамтамасыз ететін мансаптық модель білікті мамандарды таңдап, нәтижелі қызметшілерді меритократия негізінде ілгерілетуге бағытталған. Мемлекеттік қызметте ілгерілету, яғни біліктілігін, құзыреттілігін, қабілеттілігін және сіңірген еңбегін ескере отырып мемлекеттік қызметшілер арасындағы конкурстық іріктеудің негізінде жоғары тұрған лауазымдарға орналасу - кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастырудың негізгі тетігі.

Бүгінгі күні Агенттікпен персоналды стратегиялық басқару жүйесін ендіру жоспарлануда және бұл жаңа жоба болғандықтан оны кезең-кезеңмен пилоттық негізде жүргізу қарастырылған. Бірінші кезең кадрлық жоспарлаудан басталмақ, ол болжау жүйесінен, мемлекеттік органның алға қойған стратегиялық міндеттерін ескере отырып, мамандардың сандық және сапалық қажеттілігін анықтауды көздейді. Қазіргі уақытта облысымыздағы кадрлық жағдайды зерттеп, мамандарға деген тапшылық көлемін анықтау бойынша талдау жұмыстары жүргізілуде. Талдау барысында зейнеткерлікке шығу, қызметтен кету көрсеткіштері ескеріледі және басқа еңбек ресурсы көздері зерттеледі. Алдыңғы кезекте аймақты дамыту жоспарына талдау жүргізіліп, облыстағы мемлекеттік органдарға олардың стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу үшін білімі, қабілеттері мен дағдылары бойынша қажет мамандарды анықтау қажет. Одан кейін болашақ мамандарды даярлау бойынша оқу мекемелері мен коммерциялық секторды есепке ала отырып ықтимал еңбек көздері ресурстарын зерттеуге көшу. Стратегиялық жоспарлаудың тағы бір тармағы, ол әлеуетті кандидаттардың мемлекеттік қызметке бармауының себептерін талдау. Жүргізілген жұмыстың негізінде

жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып аймақты қажет мамандармен қамтамасыз етудің жол картасын әзірлеу жоспарлануда.

Қазіргі уақытта персоналды стратегиялық жоспарлауды ендірудің алғы шарттары бар. Мысалы, мемлекеттік қызметке кіру шарттарының бірі бекітілген бiлiктiлiк талаптарына сай болу. Ал, біліктілік талаптары дегеніміз мемлекеттiк лауазымға орналасуға үмiткер азаматтарға білімі, жұмыс тәжірибесі және құзыреттері бойынша қойылатын талаптар. Бұл үлгілік біліктілік талаптары негізінде уәкілетті органмен немесе оның аумақтық бөлімшесімен келісу бойынша мемлекеттік органмен бекітілетін құжат. Мемлекеттік қызметтің жаңа моделі, меритократия, үздіксіз оқыту қағидаттарының, тағылымдамадан өту және тәлімгерлік институттарының енгізілуі мемлекеттік аппараттың тұрақтылығын күшейту мүмкіндігін берді. Облыста үш жыл қатарынан мемлекеттік қызметтегі таза ауысым, яғни мемлекеттік қызметтен басқа жүйеге кету деңгейі 2,7% аспағандығын көрсетіп отыр. Онымен қоса жыл сайын мемлекеттік қызметшілердің сапалық құрамы жақсара түсуде. Бүгінгі күні қызметшілердің 87% жоғары білімді мамандар, соның ішінде 15% астамы екі не одан көп жоғары білімі барлар. Мысалы 2014 жылғы деректер бойынша жоғары білімі бар мемлекеттік қызметшілер саны 76%, ал екі не одан көп жоғары білімі барлар 10% құраған болатын. Бүгін облысымыздың мемлекеттік органдарында ғылым кандидаттары, «Болашақ» бағдарламасының, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының түлектері қызмет етеді және олардың саны жылдан жылға көбеюде. Бұл көрсеткіштер мемлекеттік қызмет саласында қолданылып жатқан шаралардың оның тартымдылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыра түскендігін дәлелдейді.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері

агенттігінің Ақмола облысы департаменті

басшысының орынбасары Р. Братаева

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 1237 раз
© 2013-2021 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия"

Наш партнер - Platon.asia - новости и аналитика в Казахстане

Яндекс.Метрика