Вторник, 13 ноября 2018 11:57

«Өтірік сөйлемей, Жаннадан туған ұлыңды көрсетші»: Желі қолданушысы Мейрамбек Беспаевқа дүрсе қойды

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(1 Голосовать)

Халық арасында «Мейрамбек Беспаевтың бұрынғы продюсері Жанна Абуовадан баласы бар» деген әңгіме бұған дейін де таралып кеткен еді.

Бірақ әнші бүгінге дейін бір де бір рет кесіп ештеңе айтқан емес. Күні кеше ғана Ләйлә Сұлтанқызына сұхбат берген Беспаевқа желі қолданушыларының бірі «Өтірік сөйлемей, Жаннадан туған ұлыңды көрсетші» деп дүрсе қойды.

Дариға есімді жел қолданушысы пікірін Ләйлә Сұлтанқызының Instagram әлеуметтік желісіне бөліскен сұхбаттан үзінді видеосының астына қалдырыпты.

«Мейрамбек аға, Жаннадан туған ұлыңды балаларыңмен таныстырып, халықты бір қуантшы. Сондай сәбилерді мойындамай тұрып, осылай өтірік сөйлейтін, өтірік халықтың қамын ойлайтын боп көрінгенмен өмірде бір сәби әкесін сағынып, жетімсіреп жүр ғой. Одан да сол сәбиге жаның ашысыншы», − деп жазған ол.

Еске сала кетейік, Жанна Абуова бұған дейін: «Ұлымды жалғыз өсіруден басқа амалым жоқ. Ұлымның бір адамға керексіз екенін біліп өскенін, сезгенін қаламаймын. Мұсылманша некеміз қиылған.

Иә, ол өте танымал адам. Президент емес, бірақ танымал. Ол да шоу-бизнес әлемінен. Бір ортада жүргендіктен кездесіп қалатын кездеріміз де болады. Бірақ таныс емес адамдардай өтіп кетеміз», – деген еді «31» арнадан шығатын «Ұят емес» бағдарламасында.

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 1172 раз
© 2013-2021 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия"

Наш партнер - Platon.asia - новости и аналитика в Казахстане

Яндекс.Метрика