Четверг, 21 декабря 2017 17:27

Целиноград ауданының әкімі белсенділерді марапаттады

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(1 Голосовать)

Целиноград ауданының әкімі Малғаждар Таткеевтің аудан жастарымен кездесуі өтті, осыны туралы «Кокшетау Азия» АА Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі  деп хабарлайды

Іс-шара «Рухани жаңғыру – ұлттың жаңғыруы» ұранымен өтті. Кездесудің басты мақсаты – жастарда мемлекеттің қазіргі заманғы және ертеңгі жетістіктерінің кейіпкерлері болып, жүргізіліп жатқан реформалар мен өзгерістердің белсенді ұйымдастырушылары және қатысушылары болу идеясын қалыптастыру. Жастардың мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін арттыру.

Кездесуге жастар ұйымдарының көшбасшылары мен белсенділері, жоғары оқу орындарының студенттері, жас мәслихат депутаттары, ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің еріктілері, спортшылар, соның ішінде Еуропа чемпиондары мен жеңімпаздары қатысты. Іс-шараны «Қазақ елім» әнімен «Испанияның алтын дауысы» Олжас Сабижанов ашты. Аудан әкімі өз жетістіктерімен аудан мақтанатын, әрі таяу уақытта бүкіл ел мақтан тұтады деген жандардың есімдерін атап, оларға табысты болуды тіледі. Іс-шара барысында белсенділер Целиноград ауданы әкімінің алғыс хаттарымен, сондай-ақ естелік сыйлықтармен марапатталды. Осылайша, «Жыл - әкесі» номинациясында алты бала асырап алған Серік Шаимов марапатталды. Сондай-ақ, Аслан Шамзиза есімді азамат үш баланы өртке оранған үйден алып шығып, өлімнен құтқарған. Батырлық әрекеті үшін Асланға «Жыл Белсендісі» номинациясы бойынша әкімнің алғыс хаты берілді.

Ал Нұрым Шұлақов пен Кәкімжан Молдашевтың командалары барлық облыстық жарыстарда жеңіске жетіп, облыстық және республикалық жарыстарға қатысып жүргені үшін «Жыл спортшысы» номинациясы бойынша марапатталды. Айтпақшы, Молдашев Кәкімжан осыған байланысты спорт шебері атағын алды.

Айта кету керек, биылғы жылы 7 жас Целиноград ауданының тұрғыны «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысып, аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 1298 раз
© 2013-2021 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия"

Наш партнер - Platon.asia - новости и аналитика в Казахстане

Яндекс.Метрика