Понедельник, 28 декабря 2020 17:12

Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

«Тарихты жеңген жазады» демекші, ғасырлар бойы тәуелсіздікті аңсап келген ата-бабаларымыздың асқақ арманы орындалып, 1991 жылы 16 - желтоқсанда Қазақстан өз тәуелсіздігін алды. Бұл ел үшін теңдесі жоқ тарихи күн. Тәуелсіздік – ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт-сананың мызғымас тірегі, күші, алтын діңгегі.  

Міне, биыл елімізде  тәуелсіздік таңы  атқанына 29 жыл толып отыр. Еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін ел еңсесін көтерген бұл күн баршамызға бағалы, мәні мен мазмұны терең мейрам.

 Ғасырлар бойы аңсаған бұл қасиетті күнге оңайлықпен жеткеніміз жоқ, бұл - намыс жігерін болат кездіктей жаныған батыр, дана  бабаларымыздың  «елім», «жерім» деп қасық қандарын қиып, жандарын пида еткен азаттық жолындағы күрестерінің  жемісі. Болашақтан үмітін үзбеген ата-баба тағдыры қаншама рет тағдыр таразысына түсіп, жандары қыл үстінде тұрса да «құт дарып, қыдыр қонған» туған жерді көздің қарашығындай сақтай білді.Теңдік пен татулықты, елдік пен еркіндікті ту етіп ұстаған батырларымыз, қазақ халқының іргесі сөгіліп, бірлігі мен ынтымағының жоғалып кетпеуі жолында «бастаса қолдың көсемі, сөйлесе сөздің шешені» болған дала заңгерлері Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің үлесі зор. Тарихымызға үңіле қарасақ, би бірінші кезекте халыққа сот төрелігін шынайы, әрі турашылдықпен жүзеге асыруда әділ билігімен танылған.

 Тәуелсіз мемлекеттің айғағы болып, мемлекеттік құрылыстың негізін қалыптастырушы құжат - Ата Заңымыз қабылданды.

Конституция заң шығарушы, атқарушы, сот билігін белгілеп, олардың құзіретін заң тұрғысынан айқындап берді. Мыңдаған жылдардан бері ғасырдан ғасырға ұласып келе жатқан мемлекет билігінде, тәуелсіз  Қазақстанның қалыптасуына, әлем мойындаған құқықтық мемлекет ретінде орнығуына сот жүйесінің алар орны ерекше.

Қазіргі таңда сот жүйесінің айырғысыз бөлігі ретінде «сот кабинеті»  енгізіліп, әрбір сотқа қатысушы тараптар сот шешімдерін ғаламтор арқылы көре алады. Алға қарай ілгерілеу мақсатында судьялар мен сот мамандарына қажетті жағдайлар жасалып, сот отырыстары түгелдей дыбыс және жазу құралдарымен жабдықталып, бейнеконференция өткізу жолымен қашықтықтан сот төрелігін атқару ісі жүзеге асырылуда. Тәуелсіз мемлекетіміздің жаңа сот жүйесі қоғамның тұрақты, сенімді құқықтық кепілдігіне айналды деп айтуға болады.

Тәуелсіздігіміздің 29 жылдық мерейтойы тұғырлы да баянды болсын! Біздің ең басты құндылығымыз - тәуелсіздік екенін естен шығармайық! Тәуелсіз Қазақстанның таңы нұрлы, егемен еліміздің ұрпағының еңсесі биік болып, көк аспанда қасиетті көк туымыз мәңгі желбіресін!  

Ақмола облысы бойынша Соттар әкімшісінің

жетекші маманы Әсел Малғаждарова    

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 1824 раз
© 2013-2021 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия"

Наш партнер - Platon.asia - новости и аналитика в Казахстане

Яндекс.Метрика