Понедельник, 16 ноября 2020 21:02

Заң үстемдігі - ел болашағының кепілі

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(1 Голосовать)

Республикамыздың құқықтық мемлекет ретінде дамуы қабылданып жатқан құқықтық реформаларымен тығыз байланысты. Бұл реформалар елімізде заң үстемдігін құруға бағытталған.  Елбасы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында заң үстемдігі орнықпаса және азаматтардың қауіпсіздігіне кепілдік берілмесе, әлеуметтік-экономикалық дамудың бірде-бір міндеті табысты жүзеге асырылмайтындығына назар аударды.

Сондықтан да сот және құқық қорғау жүйесіндегі қабылданған іс шаралар аса маңызды. 

Бұл реформалардың нәтижесінде сот саласы түбегейлі өзгеріп жатыр. Ең біріншіден, кадр саясаты өзгеріп, сот саласына білікті және білімді мамандардың келуіне жағдай жасалуда. «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына тиісті өзгерістер енгізіліп, судьялыққа кандидаттарды іріктеу кезеңдерін одан әрі ашық және айқын ету мақсаты орындалды. Қазіргі таңда сот жүйесінің алдына қойылған мақсат – бұл халықтың сеніміне ие болу, бұл үшін судьялардың мәртебесі - қазақ елінің дана билерінің мәртебесіне тән болуы тиіс.

Президент Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» - бұл, шын мәнісінде, «Әділетті мемлекет» құру тұжырымдамасы деп айтқан. Сот жүйесінде бұл тұжырымдаманы іске асыру үшін көптеген іс шаралар өткізілуде. «Сот жүйесінің 7 түйіні» бағдарламасының аясында ҚР Жоғарғы Сотымен бірқатар іс шаралар атқарылды. Аталған бағдарлама 7 бағытты қамтиды: «Мінсіз судья», «Үлгілі сот», «Әділ процесс», «Е-сот», «Оңтайлы орта», «Сапалы нәтиже», «Сотсыз татуласу орталығы».  Бұл бағдарлама шеңберінде атқарылған іс шаралар өз тиімділігін көрсетті. ҚР Жоғарғы Сотымен «Түнгі сот», «Отбасылық сот», «Еңбек даулары және жариялы-құқықтық қарым қатынас дауларының алдын алу», «Соттағы татуласу рәсімдері» пилоттық жобалар іске асырылуда, медиаторлар, Билер Кеңестері өз жұмысын жандандыруда. 

 Қазіргі таңда  «Сот кабинеті» электрондық сервисі арқылы азаматтардың  соттарға арыздарын жолдау, қажетті ақпарат алу мүмкіндіктері бар. Халыққа қызмет көрсету үрдістерін нығайту үшін соттарда фронт-кеңселер ашылды. Сонымен қатар, бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік желілері арқылы судьялар мен сот жүйесінің мамандарымен қолданыстағы заңдар, қызметтерді алу тәртібі түсіндіріледі. Бұған қоса, биылғы жыл ҚР Жоғарғы Сот Төрағасымен бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара байланыс жасау жылы деп жарияланып, бұл бағыттағы ақпараттық түсіндіру жұмысы күшейтілді.

Бүгінгі таңда, Қазақстанның құқықтық жүйесі жалпыға танылған халықаралық нормаларына сай келтірілген, алайда оны одан әрі жетілдіру үшін үлкен жұмыс атқарылуы тиіс, себебі тек құқық дамуы, заң үстемдігі ел болашағының кепілі бола алады.

Ақмола облысы бойынша Соттар әкімшісінің

ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас

жемқорлықтың алдын-алу бөлімінің сот приставі

Назгүл Ұстажанова

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 2137 раз
© 2013-2021 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия"

Наш партнер - Platon.asia - новости и аналитика в Казахстане

Яндекс.Метрика