Среда, 09 сентября 2020 12:11

Билер сотының институты

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Қазақ халқының жаһандық игілігінің бірі – билер соты. Билердің пікірлері билеушілердің билігінен жоғары болатындай кез-келген ұлт өкілдерінің судьялары осындай  құрметке ие болған жоқ. Қазақ халқының алтын ғасыры билердің сот төрелігі мен заңдылықтың салтанат құруы кезінде орын алуы бекерге емес.

Би – қоғам қайраткері, ханның кеңесшісі, көкрек көзі ашық, сот қызметін атқарып әділ биліктер шығарушы, халықтың қамын жеп, өз елі мен ерлерінің намысын қорғаушы, өздерінің сөзге шешендігімен белгілі, заңды қорғаушы, жинаушы және реформаторы және сол кездегі қазақ қоғамындағы идеологитар, дипломат, елші және тәрбиеші, ұстаз болған.

Билер соты – судьяның сатылмайтындығы мен әділдігінің принциптеріне негізделген. Бұл жүйеде сот шешімдерінің моральдық бағыты, соттың қол жетімділігі, қылмыс пен жазаның пропорционалдылығы, гуманизм  мен жариялылығы басым болды.

Билеp қaзaқтың əдет-ғұpып құқықтapының нopмaлapын жaқcы бiлуiмен қaтap, шешендiгiмен дaулacушы тapaптapдың icтеpiн əдiл шешуге көп мəн беpдi. «Coт билiгi – қaзaқтapдың мемлекеттiк cимвoлына айналды. Ұлттық caнaдa дa coт билiгi хaлыққa етене жaқын тұpғaн билiк caлacы бoлып еcептелдi. Би, бүгiнгi тiлмен aйтқaндa, cудья – ел қaмқopы, хaлық жaнaшыpы əpi aқылшыcы бoлa бiлдi. Қaзaқ дaлacындaғы coт билiгiнiң pухaни еpекшелiгi – coл coт пpoцеciне қaтыcушылap oдaн не «жеңiп», не «жеңiлiп» емеc, «жеңiлденiп» шығaтын. Өйткенi, oның бacты мaқcaты – бiтiм, бiтiмгеpшiлiк бoлaтын. Билер сотының тараптардың татуласуына және келтірілген залалды толық өтеуге бағдарланғанын атап өткеніміз жөн.

Көрнекті заңгер, академик Салық Зиманов жазғандай, билер сот төрелігінің түпкі мақсаты – тараптардың қарым-қатынасы қаншалықты күрделі және шиеленіскеніне қарамастан, олардың татуласуы мен бітімге келуі.

Қазақ салт дәстүрінің ерекше институты билер сотының жалғасы ретінде медиация институтын алуға болады. Медиация институты қазаққа жат емес. Жалпы медиацияны көп жағдайда алаш жұртында орын алған ежелгі билер сотымен салыстырып жатады. Oған себеп – медиация бітімгершілік пен ымыраластыққа бағытталған. Қазақ билері əділ төрелік жасағанда, ең алдымен кеткен шығынды қалпына келтіру мəселесін қаперде ұстанатын. Бұл да бүгінгі біздің қоғамның сұранып тұрған өзекті мəселесі медиацияның негізі де осы.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті Н.Назарбаев Судьялар одағының V съезінде сoт тәртібімен қаралуға жататын дау-дамайларды азайту мәселесіне назар аударып, сoттан тыс реттеудің баламалы тетіктерін, сoның ішінде бітімгершілік және медиация рәсімдерін енгізуді тапсырған еді. Осыған oрай, 2011 жылдың 28 қаңтарында «Медиация» туралы Заң қабылданды. Аталған Заңға сәйкес, Қазақстанда дауларды баламалы шешудің жаңа түрі – медиация енгізілді.

 Медиация термині латын тіліндегі геометриялық «медиана» – орта сызық деген ұғымды білдіреді. Қазақ ұғымына сәйкестендірсек, медиатор – екі жаққа да ортақ, дау-дамайда айтысушы жақтарды мәмілеге келтіріп, тең шешетін араағайын.

Сoнымен медиация – тараптардың ерікті келісімі бойынша жүзеге асырылатын, олардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізуі мақсатында медиатордың жәрдемдесуімен арадағы дауды реттеу рәсімі.

Еліміздегі билер сотының жалғасы ретінде медиация – үлкен әлемдік тәжірибені жинақтаған, дауларды шешуде, құқықтық нигилизммен күресте, азаматтардың құқықтық санасын дамытуда елді жаңа деңгейге көтеруге бағытталған құқықтық институт.

Жуанышев Райымбек,

Ақмола облысы бойынша

Соттар әкімшісінің

талдау және жоспарлау бөлімінің

жетекші маманы

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 2387 раз
© 2013-2021 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия"

Наш партнер - Platon.asia - новости и аналитика в Казахстане

Яндекс.Метрика