Вторник, 15 января 2019 14:57

Сот төрелігін жүзеге асырудағы ақпараттық технологиялар

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(1 Голосовать)

Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқарудағы сапалы және терең жаңғыруларға септігін тигізуде ақпараттық технологиялардың маңызы зор.

Осындай жаңарулардың түпкі мақсаты–  Республикада бірыңғай  ақпараттық, коммуникациялық аумақ құру болып табылады.

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев айтқандай, алдыңғы қатарлы   сот  тәжірибесі дегеніміз,  бұл қағаз құжаттарды электронды технологияларға айналдыру болып табылады.

Қазақстан Республикасында  ақпараттық технологияларды сот  өндірісіне  енгізу 1999жылы басталып, Қазақстан Республикасының барлық соттарында бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық аналитикалық сот органдарының жүйесі (БААТЖ СО ҚР) мемлекеттік қызмет көрсетудегі алғы жобаның бірі болған.

Қазіргі уақытта, электронды сот өндірісі  «Төрелік» ақпараттық модернизациялық жүйе арқылы сот өндірісін белсендендіру және автоматтандыруға арналған. Аталған ақпараттық жүйені іске асыру сот өндірісін жеңілдетуге және бюрократиялық қиындықтарды жоюға септігін тигізеді.

«Төрелік» ақпараттық жүйесінің  басты жағымды жағы сот өндірісінің қатысушыларына істің жүргізілуі жөніндегі ақпаратты тез алуға және сот шешімдерімен танысуға мүмкіндік береді.

Осыған сәйкес, қазіргі уақытта бірыңғай электронды құжаттаманы енгізу арқылы Қазақстан Республикасының сот жүйесіне ақпараттық технология арқылы қолжетімді , қазіргі заманға сай қажетті шарттар орындалуда.

Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы М.БАЙГЕЛОВ

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 1386 раз
© 2013-2021 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия"

Наш партнер - Platon.asia - новости и аналитика в Казахстане

Яндекс.Метрика