Пятница, 16 ноября 2018 16:33

«Виртуалды сот» - соттағы жаңашылдықтар»

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(1 Голосовать)

Президент халыққа жолдауында  мемлкеттік органдарда цифрландыру керектігін тоқтап, сот билігі заман талабына ілесуі керек, осыған жағдай жасауға барлық мүмкіншіліктер бар деп ерекше ден қойды.

  Қазіргі таңда сот жүйесін жаңа технологияларды енгізу үшін едәуір жұмыстар атқарылып жатыр. Нәтижесінде, қағаз басудан арылып, қылмыс және заң бұзушылықтардың анықталу деңгейі жоғарылады. Ең бастысы – қағаз басудың жойылуы өз кезегінде сот ашықтығына әкеледі.     

 сул1

Мемлекетіміздің сот жүйесін цифрландыру процесіне келер болсақ, соңғы жылдары соттағы өткізіліп жатқан реформаларының нәтижесінде бұл салаға ақпараттық технологиялар енгізіле бастады. Яғни, сот залдары қазіргі заманға сай сапалы аудио-бейнежазба жүргізуге арналған техникалармен жабдықталып, барлық іс-қағаздар мен құжат айналымдары электрондық форматқа ауысты. Сонымен қатар, бірқатар электрондық сервистердің жұмыс істейді. Атап айтсақ, «Төрелік» ақпараттық жүйесі, «Сот кабинеті», дыбыс бейне жазба құрылғысы, бейне-конференц-байланс жүйесі, «Электронды қылмыстық іс» жобасы, электрондық цифрлық қолтаңба, «Виртуалды сот» жобасы, «құқықтық қызмет орталығы» мен «тергеу соты» жобасы жұмыс істейді.

  Зеренді аудандық сотында сот жүйесінде инновациялық технологияларды қолдану және цифрландыруды ынталандыру аясында бірқатар іс-шаралар және сот отырыстары мобилді видеоконференц байланысты қолдану арқылы өткізілді.

 Виртуалды соттарды құру- өңірдің жоғары мобильді және технологиялық тұрғыда озық халықтарын қолдаудың, сондай-ақ, жалпы алғанда, инновациялық әлеуетті арттырудың бірден-бір жолы. «Виртуалды соттар» бүгінгі күні азаматтар үшін қол жетімді және тиімділігін көрсетеді. Оларды пайдалану басқа облыстарда және тіпті елдерде орналасқан соттарға бару үшін елеулі қаражатты үнемдеуге мүмкіндік береді.

Осылайша, сот жүйесін цифрландыру көптеген жаңашылдықтар мен  пайдалы өзгерістерге бастайды. Ондағы көптеген келеңсіздіктер мен мәселелердің шешілуі ашықтық пен жариялылыққа әкеледі. Сыбайлас жемқорлық фактілерінің азайыуы мен сот қызметкерлерінің қызмет көрсету сапасы жақсарады. Сонымен қатар, цифрлық технологиялардың көмегімен заң бұзушылықтар мен қылмыс бұзушылықтарды анықтау деңгейі жоғарылап, әділетті үкімге тартылады. Бұған қоса, сот саласындағы мақсаттар мен талаптарға жетуде цифрландыру өз пайдасын тигізбек.

Зеренді аудандық сотының

кеңсе меңгерушісі

А.ДҮСЕНБАЕВ

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 3230 раз
© 2013-2021 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия"

Наш партнер - Platon.asia - новости и аналитика в Казахстане

Яндекс.Метрика