Понедельник, 13 сентября 2021 16:17

Көкшетаудың №2 мектеп-лицейінде Отбасы күні мерекесіне байланысты шаралар өткізілді

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстанда жылдағы дәстүрге сай Отбасы күні мерекесі аталып өтті. 

Оның аясында №2 мектеп-лицейінде бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды. Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған оқушылар мен белсенді қатысқан сыныптар марапатталды.

Отбасы күніне арнап ұйымдастырылған бұл іс-шарада эссе байқауы және «Менің шежірем» атты конкурстар өтті.  Жеңімпаздарды шақырылған қонақтар марапаттады.

Эссе байқауының қорытындысы бойынша орыс сыныптары арасында 1 орынды – Әліжан Рахман, 2 орынды- Сәния Төленова және 3 орынды- Ермек Кәрібаев қанжығаларына байлады.  Олар  отбасылық құндылықтың дәстүрлері мен маңыздылығын сипаттады. Қазақ сыныптарының арасында Гауһар Жәкімова -1-ші, Мадина Ғабдуллина– 2 орын алса Аяжан Маман -3 орынды місе тұтты.

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 113 раз Последнее изменение Среда, 15 сентября 2021 23:20
© 2013-2021 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия"

Наш партнер - Platon.asia - новости и аналитика в Казахстане

Яндекс.Метрика