Вторник, 07 сентября 2021 16:39

Жылдың ең үздік орта білім беру ұйымы

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Ақмоладағы  ең үздік орта білім беру ұйымы – Зеренді ауданында.  

М.Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназия биыл өңір мектептерінің  көшін бастап, осындай атаққа ие болды. Егемендіктің 30 жылдығы қарсаңында бәйгеден бас жүлде алған мектептің материалдық-техникалық базасын жаңарту үшін 20 млн. теңге берілді.

М.Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназия – Зерендідегі жалғыз қазақ мектебі. 1975 жылы негізі қаланған.  Білім ордасы биыл өңірдегі ең үздік орта білім беру ұйымы деп танылды. Мектептердің соңғы 5 жылдағы жетістіктері бағаланатын дәстүрлі сайыста  топ жарған мекемеге облыс әкімдігінен 20 млн. теңге бөлінді. Бұл қаражат  гимназияның материалдық-техникалық базасын толықтыруға мүмкіндік бермек.

Аталмыш гимназияға  аудандағы мектебі жоқ 10 ауылдың балалары келіп оқиды. Олар жататын интернат та бар. 5 уақыт тамағы да қарастырылған. Мектеп ұжымы берілген қомақты қаражатқа физика, қазақ және ағылшын тілі пәндерінің заманауи кабинеттеріне, интерактивті тақталарға мемлекеттік сатып алу порталы арқылы тапсырыс беріпті.

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 121 раз Последнее изменение Среда, 08 сентября 2021 16:40
© 2013-2021 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия"

Наш партнер - Platon.asia - новости и аналитика в Казахстане

Яндекс.Метрика