Четверг, 02 сентября 2021 19:16

Ақмола облысында дарынды балаларға арналған жаңа мектеп өз есігін ашты

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Щучинск қаласында ІТ мектеп-лицей базасында дарынды балаларға арналған "IT Білім-инновация-лицей" ашылды.

Оқу орнында қазақ және орыс тілдерінде оқытатын 7-11 сынып аралығындағы 556 оқушы білім алатын болады, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.

Білім басқармасының хабарлауынша, лицейдің білім беру бағдарламасының басты міндеті-ақпараттық-коммуникациялық технологияларды белсенді қолдану арқылы оқушылардың жеке, шығармашылық және зерттеу қабілеттерін дамыту.

"ІТ Білім-инновация" лицейі тәрбиеленушілерінің қарауында химия, биология және физика зертханалары, ІТ кабинеттері, робототехника кабинеттері, ал сабақтан тыс жұмыстар үшін домбыра, шахмат сыныптары, бассейн бар.

Жаңа оқу орнының ашылу салтанатына Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова және "Білім-инновация" халықаралық қоғамдық қорының вице-президенті Ержан Әубәкіров қатысып, оқушылар мен педагогтарды лицейдің ашылуымен құттықтап, жаңа оқу жылына табыс тіледі.

"7-сыныпта тілдерді үйренуге бейімділік жасалады, 8-сыныпта балалар ІТ бағыт, робототехника, бағдарламалау және 3D модельдеу бойынша тақырыптарды оқиды. Әрі қарай, оқушы профильмен анықталады және зерттелгендердің ішінен өзі үшін бір нақты бағытты таңдайды. 10-11 сыныптарда оқушы таңдаған дайындық бағыты бойынша жобалармен жұмыс істейді және зерттеу қызметімен айналысады, сонымен қатар ІТ бағытты тереңдетіп зерттейді", - деді лицей директоры Айбек Досымбеков.

Одан әрі оқу орнының басшысы жалпы оқушылар алдында заманауи технологияларды оқыту, жақын және алыс шетелдердің жетекші IT-университеттері мен компанияларында тәжірибелер мен тағылымдамалардан өту, ең озық бағдарламалар мен технологиялармен жұмыс істеу үшін кең мүмкіндіктер ашылатынын қосты.

Айта кетейік, Ақмола облысында 552 жалпы білім беретін мектепте 130 мыңнан астам оқушы, оның ішінде 14 мыңнан астам бірінші сынып оқушысы жаңа оқу жылын бастады.

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 213 раз
© 2013-2021 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия"

Наш партнер - Platon.asia - новости и аналитика в Казахстане

Яндекс.Метрика