Среда, 01 сентября 2021 16:40

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған бүгінгі Жолдауын ықаласпен тыңдадық.

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Бүгінгідей әлемді індет жайлап, неше түрлі саяси қақтығыстар, табиғат қыспағы көбейген мазасыз кезеңде өз Президентіміздің Жолдауын тыңдауға еліміздің әрбір азаматы құштар деп түсінемін.

Президент Жолдауы өзінің шынайылығы, ел тұрғындарына қамқорлығы, қолдауымен ерекшеленді. Тек қана жетістіктеріміз ғана айтылған жоқ, кемшіліктеріміз де алға тартылды. «Ауруын жасырған- өледі» демекші, елдің мұң-мұқтажының ашық айтылуы, өмірдің кемшін тұстары мен жағдайдың анық-қанығын терең білу оны түзетуге бастайды. Мені аса алаңдатын - пандемия, етектен алып, әлі толас таппаған індет. Президент осы мәселені ашық айтты және онымен күреске Ұлттық қордан 1 триллион қаражат бөлінуде екенін жеткізді. Біз бәріміз індетпен күреске түсті қарамай, Президент бастамаларын қолдап, ұлт болып ұйысуға тиіспіз. Сонда ғана індеттен арыламыз.

Жолдауда тұрғындар қамы жан-жақты айтылған «Азаматтардың әлеуметтік әл-қуаты – басты басымдық» деген бөлім бар. Онда айтылған жақсы жаңалықтар үшін қуаныштымыз. Жалпы, Жолдау мазмұнына дән ризамыз.

Серік Жетпісқалиев,

Ақын, «Көкшетау» газетінің бас редакторы

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 205 раз Последнее изменение Среда, 01 сентября 2021 16:41
© 2013-2021 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия"

Наш партнер - Platon.asia - новости и аналитика в Казахстане

Яндекс.Метрика