Среда, 01 сентября 2021 16:04

Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан халқына кезекті жолдауын жолдады.

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Елдің қамын жан-жақты ойлап, халық мәселесін жан-жақты шешуде оңтайлы шешімдер қабылдауда оң өзгерістер енгізуді қолға алып отыр.

Әлемді жайлаған індеттен түбегейлі құтылу үшін халық арасында екпе алу мәселесі алғашқы кезекте. Түсіндіру жұмыстарын барынша қарқынды жүргізіп, халық арасында дау-дамайсыз вакцина алу, уақтылы жоспарлы түрде ем-шараларды қабылдау сынды шараларды мықтап қолға алу міндеті тапсырылды. Екпеге қатысты қордан бөлінген қаржыны халық үшін оңтайлы жұмсау міндеті де назардан тыс қалған емес.

Осындай ахуал кезінде бұл індет ел экономикасына кері әсерін тигізбей қоймады. Халық арасындағы жұмыссыздық мәселесі мен қолдау шаралары да барынша басты назарда. Халықтың әл-ауқатын жақсарту, тұрақтылық қалпын сақтауда да мүмкіндігінше бақылап отыр. Оның барлы ел жағдайының жақсаруының бірден-бір кепілі.

Сондықтан, ел болып, бірлігімізді жоғалтпай, жұмылған жұдырықтай болып бірлесе отырып аталған міндеттерді қолға алсақ қана бар қиындықты еңсеретініміз баршаға аян.

Бірлігіміз әрдайым жарасып, төрт көзіміз түгел болсын!

Гүлім Ескеева,

Зеренді ауданы

Жастар ресурстық

орталығы директорының міндетін атқарушы

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 177 раз
© 2013-2021 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия"

Наш партнер - Platon.asia - новости и аналитика в Казахстане

Яндекс.Метрика