Четверг, 05 августа 2021 13:56

Жол жөндеу жұмыстарға 28 миллион теңге қаржы қарастырылған

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Атбасар ауданы Полтавка ауылдық округінде «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында жолдар жөнделіп жатыр.

Оған жөндеуге бюджеттен 148 миллион теңге қаржы бөлінген. Құрылыс жұмыстары жоспарға сай қазан айының соңында аяқталмақ. Айта кетейік, бағдарламада ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту мен ауылдық аймақтарды дамытуға арналған бірнеше бағыт қарастырылған.

Бағдарлама аясында Титовка ауылдық округінде де бір көшенің жолы жөнделуде. Бұл жұмыстарға 28 миллион теңге қаржы қарастырылған. Халық игілігіне күздің соңында берілмек. Сондай-ақ, Полтавка елдімекенінде қазір балаларға арналған спорттық алаңның құрылысы жүріп жатыр. 28 құрылғымен жабдықталатын жаңа нысанға 17 миллион 850 мың теңге қаржы бөлінген. Жаңа оқу жылында ашылады. Осылайша, ел дамуының алтын бесігі болған ауылдар қарқынды дамып келеді. «Ауыл – ел бесігі» жобасы алдағы уақытта бұдан да үлкен жетістіктерге бастайтыны сөзсіз.

 

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 124 раз
© 2013-2021 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия"

Наш партнер - Platon.asia - новости и аналитика в Казахстане

Яндекс.Метрика