Среда, 22 сентября 2021 16:05

Ақмола облысында «Көнеден жеткен күмбір» атты фестиваль өтті

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Облыстық халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығы  «Көнеден жеткен күмбір»  атты фестивль өткізді.

Аталмыш шара Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығына бағытталған. Тағылымды фестиваль «Рухани қазына-2021» «Көкшетау - Қазақстанның мәдени астанасы» жобалары аясында ұйымдастырылған.

Абылай хан алаңындағы жарысқа Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының және Нұр-сұлтан қаласының үздік фольклорлық ұжымдары мен орындаушылары қатысты. Қатысушылар домбырада Ақан сері, Біржан сал, Үкілі Ыбырайдың шығармаларын тамылшыда орындады.

«Оқжетпес»  фольклорлық ансамблінің бағдарламасында  домбыра, жетіген, қобыз сияқты ұлттық аспаптардың да үні жаңғырды.

Көркемөнер ұжымдары үшін Щучинск-Бурабай курорттық аймағы бойынша экскурсия ұйымдастырылды. Қонақтар «Ботай-Бурабай» ашық аспан астындағы мұражайымен танысып, Бөлектау, Оқжетпес тауларына көтерілді. Ал, гала-концертте дипломдар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 239 раз Последнее изменение Четверг, 23 сентября 2021 12:24
© 2013-2021 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия"

Наш партнер - Platon.asia - новости и аналитика в Казахстане

Яндекс.Метрика