Вторник, 14 сентября 2021 16:49

Степногорск қаласына Польша Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі келді

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Халықтар достығы – басты құндылық. Степногорск қаласына  Польша Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Селим Хазбиевич келді. Дипломат этномәдени бірлестік өкілдерімен кездесті. Мақсат – екі ел арасындағы қарым – қатынасты нығайту.

ХХ ғасырдың 30-шы жылдары Қазақстан аумағы саяси қуғын-сүргінге ұшырағандардың лагеріне айналды. Сол 30-шы жылдардың соңында қазақ жеріне неміс, кәріс және поляк халықтары жер аударды. Биыл – поляктардың Қазақстанға депортацияланғанына 85 жыл. Осыған орай елші қаладағы поляк өкілілдеріне медальдар табыстап, гуманитарлық көмегін тапсырды. Сондай-ақ, мәртебелі мейман келешекте екі ел арасында мәдени байланысты нығайту керек екендігін алға тартты.

Степногорск қаласы «Достық үйі» жанында 9 этно – мәдени бірлестік құрылған. Оның бірі – «Полония» поляктар қауымдастығы. Жалпы қалада 200-ге тарта поляк тұрады. Айта кетейік, Селим Хазбиевич сапар барысында жергілікті билік өкілдерімен де кездесіп, қала әкімімен ынтымақтастық жолындағы жоспарларын талқылады.

Елші кездесуі «Полония» поляктар бірлестігі ұсынған шағын концерттік бағдарламаға ұласты.

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 230 раз Последнее изменение Суббота, 18 сентября 2021 10:51
© 2013-2021 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия"

Наш партнер - Platon.asia - новости и аналитика в Казахстане

Яндекс.Метрика