Среда, 15 сентября 2021 09:38

Ақмола облысында патриоттық әндер байқауы өтті

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Қазақстан халқының тілдері күніне арналған онкүндік аясында Бурабай ауданында "Қазақ тілі-ғажап тіл" патриоттық әндер байқауы өтті, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.

Онлайн форматта өткен шығармашылық іс-шараға түрлі этнос өкілдері болып табылатын 10 қатысушы қатысты.

Іс-шараны ұйымдастырушылар атап өткендей, байқау мемлекеттік тілді насихаттау, басқа этностар арасында мемлекеттік тілге деген қызығушылықты дамыту, жастарды патриотизмге тәрбиелеу, музыкалық шығармашылықты дамыту және талантты орындаушыларды анықтау мақсатында өткізіледі.

"Байқауға қатысушылар қазақ тілінде танымал патриоттық әндерді орындап, жақсы вокалдық қабілеттерін көрсетті. Байқау қорытындысы 17 қыркүйекте тілдер онкүндігінің салтанатты жабылуында шығарылады. Қатысушылардың өнерін бағалау кезінде вокалдық қабілеттері, орындау техникасы, музыкалық шығарманың күрделілік дәрежесі, сахналық бейнесі мен әртістігі бағаланатын болады", - деп хабарлады аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі.

Айта кетейік, Ақмола облысында Қазақстан халқы тілдерінің онкүндігі аясында бірқатар түрлі форматтағы іс-шаралар өткізілді. Олардың қатарында Мағжан Жұмабаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында қазақ тілін оқыту курстарының ашылуы, жас ақындардың қатысуымен "Тіл мәртебесі – ел мәртебесі" айтысы, "Ұшқыр оймен шешен тіл" зияткерлік ойыны, "Своя игра" викторинасы және басқалары бар. Жалпы, өңірде тілдер онкүндігі аясында екі мыңға жуық іс-шара өткізіледі.

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 236 раз Последнее изменение Среда, 15 сентября 2021 09:38
© 2013-2021 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия"

Наш партнер - Platon.asia - новости и аналитика в Казахстане

Яндекс.Метрика