Четверг, 22 июля 2021 15:19

Ақмола мен Атырау арасындағы рухани байланыс

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

«Рухани қазына – 2021» фестивалі шеңберінде мәдени астана Көкшетауда жоспарлы іс-шаралар легі жалғасын тапты.

Атырау облысының тарихи-өлкетану музейі сармат кезеңіне тән 300-ге жуық жәдігерді Ақмолаға алып келді. Көрме алдағы 7 күн бойы қала тұрғындары мен қонақтарының назарына ұсынылады.

Атырау - темір дәуірінің тарихи ескерткіштері көптеп табылған өлке. Археологтардың айтуынша, батыстың табиғи ерекшеліктері  көне жәдігерлердің қалпын бұзбай сақталуына тікелей әсер етеді. Батыстың алтын адамы - «Сармат көсемі» мен «Сармат ханшайымының»  реконструкциясын Атыраудан Арқаға тасыған музей мамандарының басты мақсаты – тарихи жадыны жаңғырту.

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 952 раз Последнее изменение Вторник, 27 июля 2021 15:17
© 2013-2021 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия"

Наш партнер - Platon.asia - новости и аналитика в Казахстане

Яндекс.Метрика