Среда, 21 июля 2021 11:31

Ақмола мен Атырау арасындағы рухани байланыс

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

«Рухани қазына – 2021» фестивалі шеңберінде мәдени астана Көкшетауда жоспарлы іс-шаралар легі жалғасын тапты. Атырау облысының тарихи-өлкетану музейі сармат кезеңіне тән 300-ге жуық жәдігерді Ақмолаға алып келді. Көрме алдағы 7 күн бойы қала тұрғындары мен қонақтарының назарына ұсынылады.

Атырау - темір дәуірінің тарихи ескерткіштері көптеп табылған өлке. Археологтардың айтуынша, батыстың табиғи ерекшеліктері  көне жәдігерлердің қалпын бұзбай сақталуына тікелей әсер етеді. Батыстың алтын адамы - «Сармат көсемі» мен «Сармат ханшайымының»  реконструкциясын Атыраудан Арқаға тасыған музей мамандарының басты мақсаты – тарихи жадыны жаңғырту.

Жергілікті музей мен атыраулық делегация өзара меморандумға қол қойды. Мақсат – археологиялық жұмыстар бойынша тәжірибе алмасып, шығармашылық байланыс орнату. Мәселен, Атыраудың облыстық музейі жастарды тарихқа тарту мақсатында мекеме жанынан жас экскуроводтар клубын жүргізеді. Үйірменің үздіктері өлке тарихын Көкше жұртына таныстыруға ере келіпті. 

Атыраудың терең тарихымен танысуға мүмкіндік беретін көрме 22-29 шілде аралығында ақмолалықтар үшін тегін. Қызыл аймақтың талаптарына сай, тарихи-өлкетану музейіне тек Ashyq қосымшасы арқылы кіруге болады.

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 1185 раз Последнее изменение Понедельник, 26 июля 2021 09:32
© 2013-2021 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия"

Наш партнер - Platon.asia - новости и аналитика в Казахстане

Яндекс.Метрика