Среда, 21 июля 2021 09:16

Шебердің қолы ортақ...

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Ерейментау ауданында  Тәуелсіздіктің 30-жылдығына орай «Менің Отаным – менің Қазақстаным» атты сәндік қолданбалы өнер шеберлерінің облыстық байқауы өтті. Ауданның оннан астам өнер иесі қолөнер бұйымдарын жұртшылыққа таныстырып, қазылар алқасының әділ бағасын алды.

Байқауға Ерейментау ауданынан 11 өнерпаз бақ сынады. Қатысушылар ағаштан, қағаздан, тоқыма жіптер мен түрлі бояуларды қолдана отырып, қазақи нақышта көптеген экспонат әзірлеген.

Байқау қорытындысы бойынша  бас жүлдені Әлем Нахшир алса, 1-орынды Күлатай Жанимхан, 2, 3-орындарды Дастан Ахметов пен Руслан Мұхаммедияровтар иеленді.

Алдағы уақытта ұлттық құндылықтарды насихаттайтын мұндай шаралар облыстың түкпір-түкпірінде өткізіледі.  Ұлттық құндылықтарды дәріптеп, бүгінгі ұрпаққа қаз қалпында жеткізу-байқауды ұйымдастырушылардың басты мақсаты.

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 985 раз
© 2013-2021 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия"

Наш партнер - Platon.asia - новости и аналитика в Казахстане

Яндекс.Метрика