Четверг, 22 июля 2021 12:42

Ақмола облысында «Қазақша сөйлейік» клубы ашылды

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай және Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында Целиноград ауданының Ақмол ауылында «Қазақша сөйлейік» клубы ашылды, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.

Ауданның ішкі саясат бөлімінің айтуынша, клубқа барлық ниет білдірушілер келіп, өздерінің мемлекеттік тілді үйрену машықтарын дамыта алады. Аталмыш клуб мүшелері қазақ тілінде сөйлеп қана қоймай, сауатты жаза білуді мақсат етеді. Сабақтар күн сайын әңгіме мен қарым-қатынаста қолданылатын сөйлемдерді түрлендіруге арналған арнайы әдістеме бойынша өткізіледі. Сабақтарда оқытудың ойын формалары белсенді қолданылады.

Президент «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласында мемлекеттік тілді білу – Қазақстанның әрбір азаматының парызы, тіпті міндеті деп те айтуға болатынын жеткізді. Осылайша барша қазақстандықтарға, оның ішінде қазақ тілін әлі жете меңгермеген отандастарға үндеу тастаған болатын.

«Бүгінде елімізде мемлекеттік тілді үйренемін деушілерге барлық жағдай жасалған. Осы жұмысты жалғастыра отырып, еліміздің мерейтойы қарсаңында ауданымызда қазақ тілін оқыту клубы ашылды. Бұл клубқа әсіресе, өзге этнос өкілдерінің қызығушылығы басым», - деді ауданның ішкі саясат бөлімінде.

Клуб мүшелері аптасына бір рет бір сағаттан кездесіп отырады. Олардың тіл білу деңгейі мен жас ерекшелігі маңызды емес. Тегін ұйымдастырылған клуб сабақтарын аудандағы «Тілдерді оқыту орталығының» тәжірибелі, білікті мамандары өткізеді.

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 1096 раз
© 2013-2021 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия"

Наш партнер - Platon.asia - новости и аналитика в Казахстане

Яндекс.Метрика