Четверг, 23 сентября 2021 14:09

Аймақтағы мал шаруашылығы өнімдерімен қатар дәнді дақылдардың экспорты 37 пайызға өсті

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Президент Қасым Жомарт Тоқаев халыққа арналған кезекті Жолдауында ауыл шаруашылығы мәселесін көтерді.

Агроөнеркәсіп кешені саласында қордаланған проблемалар аз емес. Ең алдымен, бұл – азық-түлік тауарларының бағасын белгілеудің және оны бөліп таратудың тиімсіз жүргізілуі,  деді Президент. Сонымен бірге, агроөнеркәсіп кешендері қолданатын техникалардың 90 пайызға жуығы ескірген.

Президент Жолдауында айтылған ауыл шаруашылығы өнімін экспорттау ісінде де Ақмола өңірі айтарлықтай табыстарға жетіп отыр. Аймақтағы мал шаруашылығы өнімдерімен қатар дәнді дақылдардың  экспорты 37 пайызға өсті. Жыл басынан бері жалпы сомасы  201,5 миллард теңгеден астам азық-түлік өнімдері экспортталған. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 37 пайызға жоғары.

Жолдауда қарапайым шаруаға қол жеткізу қиын субсидия мәселесі де көтерілді. Бұл жерде шаруалардың уәжі айтсақ, Қаржыны рәсімдеу тәртібі неғұрлым қарапайым әрі түсінікті болса жұмысымыз әлдеқайда жеңілдер еді дейді олар.

Аграрлы-индустриялы аймақ саналатын Ақмола облысы Мемлекет басшысы қойған міндеттемелерді жүзеге асыруда ұтымды жобаларды жүзеге асырмақ.

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 166 раз Последнее изменение Среда, 29 сентября 2021 12:38
© 2013-2021 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия"

Наш партнер - Platon.asia - новости и аналитика в Казахстане

Яндекс.Метрика